«АҚШ нокаутшылары» – «Астана арландары» 0:5
49 кг: Джошуа Франко – Теміртас Жүсіпов 1:2 (48:47, 47:48, 47:48). 56 кг: Франциско Мартинес – Мейірболат Тойытов 0:3 (46:49, 46:49, 46:49). 64 кг: Тайрек Ирби – Самат Бәшенов 1:2 (46:49, 49:46, 47:48). 75 кг: Кэлвин Хендерсон – Мейірім Нұрсұлтанов 0:3 (46:49, 47:48, 46:49). 91 кг: Эдриан Тэйлор – Василий Левит 0:3 (46:49, 46:49, 45:49). Осы жеңісінен кейін біздің команда 33 ұпайға ие болды. Бұл көрсеткіш мерзімінен бұрын өз тобымызда («В») бірінші орын алуға мүмкіндік берді. Себебі, топта өкшемізді басып келе жатқан негізгі қарсыласымыз «Баку оттарының» еншісінде бүгінде 20 ұпай бар. Ал олар бұл сында әлі төрт кездесу өткізеді. Соның барлығында жеңіске жеткен күннің өзінде ең көбі 12 ұпай жинайтыны белгілі. Әзербайжандар енді көп дегенде 32 ұпай ғана олжалай алады. Яғни, қандай жағдай болсын біздің боксшыларды басып озатын еш мүмкіндіктері жоқ. Топтағы бірінші орынмен қатар «Астана арландары» жартылай финалға берілер жолдаманы да иемденгенін айта кетейік. Оған дейін топтық кезеңдегі үш кездесуі бар. Нақты айтар болсақ, Марат Жәкиевтің шәкірттері 11, 18, 25 сәуір күндері сәйкесінше, Пуэрто-Рико, Аргентина және Италия командаларына қарсы шаршы алаңға шығады. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: instagram.com.Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32