АСТАНА. 28 наурыз. Ресейге Байқоңырдан жалға берілген 25 мың шаршы метр жерді қайтарып алуға байланысты алдын-ала келісім жасалды. Бұл туралы kyzylorda-news.kz хабарлады.
Аталмыш жайт Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың Байқоңыр қаласына жұмыс сапары барысында Федералдық ғарыш агенттінің төрағасы Игорь Комаровпен кездесуінде мәлім болды.
Мәселе оңынан шешілсе, бұл жердің 3 579 гектары Төретам кентіне беріледі. Оның 184 гектары жаңадан кент орталығын салуға, 90 га. кәсіпкерлікті дамытуға, 145 га. жер кенттің аумағын кеңейтуге бағытталмақ. Ал 122 га. Ақайдың аумағын кеңейтуге пайдаланылады. Сондай-ақ, 21 344 га. Халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бойында көлік-логистикалық инфрақұрылым салуға және «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін өткізу мақсатына қолданылады.
Сондай-ақ, басқосуда Байқоңыр қаласында туризмді дамыту, 6 мектепті қазақстандық стандартқа көшіру, Жеңістің 70 жылдығымен және «Байқоңыр» кешенінің 60 жылдығын мерекелеу мәселелері талқыланды.
Болашақта «Байқоңыр» ғарыш айлағы туристік орталыққа айналады. Бұл мақсатта ғарыш кемелерінің ұшуын тамашалайтын арнайы кешендер салынбақ. Қазіргі «Крайний» әуежайы күрделі жөндеуден өткізіліп, Астана-Қызылорда-Байқоңыр, Алматы-Қызылорда-Байқоңыр бағыттарында әуе рейістерін ашу бағытында жұмыстар жасалуда. Бұған қоса, Байқоңырға кіруге рұқсат беруге арналған құжаттарды дайындау жеңілдетілмек.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: kyzylorda-news.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше