ӨСКЕМЕН. 28 наурыз. «Қазцинк» ЖШС ұшақ апатынан қаза тапқан әріптестерінің отбасына көмек қолын созбақ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Альпі тауындағы әуе апатында қаза болған үш отандасымыз да Шығыс өңірінің тумалары. Ербол Иманқұлов пен жұбайы Айжан Исенғалиева «Қазцинк» ЖШС жұмыс істеген. Серіктестіктің тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев компанияның атынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.
Айжан Исенғалиева «Қазцинк-Айна» ЖШС мәдени-қызмет көрсету мәселелері бойынша директорының орынбасары болды. Күйеуі Ербол Иманғалиев қарағандылық «Тау-Кен Темір» компаниясының директоры қызметін атқарған. Одан бұрын «Қазцинк» ЖШС мыс зауытын басқарған. Өскеменде оларды 13 жасар қызы күтіп отырған болатын.
– Болашағы мол, жас, жігерлі адамдардың қаза болуы біз үшін күтпеген ауыр соққы болды. Біздің компаниямыз қаза болғандардың денесін туған жеріне жеткізіп, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға барлық көмекті көрсететін болады. Біз Сыртқы істер министрлігімен үнемі хабарласып, консульдық мәселелерді шешуге тырысамыз, – деді Андрей Лазарев.
Марқұм Ербол Иманқұловтың орынбасары Саят Адыханов әріптесінің еңбекқор, кәсіби маман болғанын айтады.
– Бұл орны толмас қаза. Олардың соңында жетінші сыныпта оқитын қызы қалды. Ал қайтыс болған ұлы әлі үйленбеген болатын, – деді С.Адыханов.
Қаза болғандар жандардың Испанияға «Барселона» мен «Реал Мадрид» клубтарының финалдық ойынын тамашалауға барғаны белгілі болды. Өскемендік әріптестері марқұм болған әріптестерімен қоштасу рәсімін өткізіп, Спорт сарайы жанында гүл шоқтарын қойып, шырақ жақты.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: yk-news.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше