Оқиға • Бүгін, 09:47

Алматыда қоқысты ЖИ арқылы тазалаған әкімдік қызметкері жұмысынан кетті

1 мин
оқу үшін

Алматыда қоқыстың тазаланғаны туралы ЖИ-фотосуретті шынайы есеп ретінде ұсынған мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қоқысты ЖИ арқылы тазалаған әкімдік қызметкері жұмысынан кетті

Фото: Threads

Оқиға Threads әлеуметтік желісінде жарияланған жазбадан кейін кеңінен талқыланды. Жергілікті тұрғын мектеп маңындағы аумақтың суреттерін жариялап, онда ұзақ уақыт бойы қоқыс жиналып қалғанын мәлімдеген. Ал әкімдік қызметкері аталған аумақта тазалық жұмыстары жүргізілгенін жазып, жасанды интелектімен өңделген фото-есеп жолдаған.  

Әкімдік мәліметінше, қызметкер өз кінәсін мойындағандықтан, қызметтік тексеру жүргізілмеген.

«Мемлекеттік қызметші жіберген заңбұзушылығын мойындағандықтан, аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілмеді. Сонымен қатар қызметкермен еңбек шарты бұзылып, оның мемлекеттік органмен қызметтік қатынастары тоқтатылды», деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Таразда патрульдік полиция қызметкерлері Сарысу ауданы әкімшілік полиция бөлімінің басшысын тоқтатқан видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көлікті мас күйде басқаруы мүмкін деген күдік бар. Жамбыл облысы полиция департаменті күдікті қызметкердің құқықбұзушылық жасағаны дәлелденсе, Ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлы дала әуені Анкарада

Әлем • Бүгін, 08:45

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Экономика • Бүгін, 08:40