29 Маусым, 2015

Солтүстік Қазақстан облысы мен Қытай меморандумға қол қойды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29.06.2015 SKO-7ПЕТРОПАВЛ. 29 маусым. Солтүстік Қазақстан облысына Қытай Халық Республикасының делегациясы жұмыс сапармен келіп, астық сатып алуға уағдаласты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Құрамында Боро-Тала-Монгол автономиялық облысы сауда-саттық қатынасы бөлімінің басшысы Хао Кинджи, «Алашанькоу» еркін экономикалық аймағына жауапты Ванг Йонг, «Алашанькоу Агрофуд» компаниясының өкілі Ванг Ксинчунь бар делегацияны Боро-Тала –Монгол автономиялық облысы әкімшілік басшысының орынбасары Чен Хонг бастап келді. 29.06.2015 SKO-8Ресми кездесу барысында облыс әкімі Ерік Сұлтанов мәртебелі қонақтарды өңірдің әлеуметтк-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырды. Биыл облыс пен Қытай арасындағы сауда айналымы 12,4 миллион АҚШ долларын құраған. Бұл – алыс және жақын мемлекеттер сауда айналымының бестен бірі деген сөз. «Облыс экологиялық жағынан таза өнімдер шығарады. Біз сіздерге мал шаруашылығымен айналысуға да жан-жақты мүмкіндіктер тудыра аламыз», деді Ерік Хамзаұлы. Чен Хонгөз сөзінде ұзақ мерзімге арналған экономикалық қарым-қатынастар жасауға мүдделі екендіктерін мәлімдеді. Жылы шырайлы жүздесуден кейін екі тарапа стық пен ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізу,   тауар айналымын кеңейту туралы меморандумға қол қойды. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.