ПЕТРОПАВЛ. 2 наурыз. Солтүстік Қазақстанда әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айрылған бұрынғы екі полиция қызметкері алдау-арбау жолымен мол ақша таппақ болған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақжар аудандық ішкі істер бөлімі басшысының тергеу істері жөніндегі орынбасары Дайыров пен учаскелік инспектор Үсенов екеуі Білімхан деген азаматқа дене жарақатын салған Ершовты қылмыстық істі қысқартамыз деген желеумен алдап-арбауға кіріскен. Олар өздерінің «бұл қызметін» 300 мың теңгеге бағалаған. Құрғақ уәдеге имандай сенген анау байғұс 290 мың теңгені жинап берген. Ал, тергеу мәселесімен басқа тергеуші айналысқан.
Ақшаны алу кезінде учаскелік инспектор ұсталып, қолына кісен салынған.
Аудандық соттың үкімімен Дайыров төрт жылға абақтыға кесілді. Үсенов үш жылға бас еркінен айрылып, дүние-мүлкі тәркіленді. Оларға екі жылға дейін мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10