ПЕТРОПАВЛ. 28 наурыз. Петропавлда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Юсиф Гусейновқа қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Ю.Гусейнов Петропавл қаласының тұрғыны К. деген азаматты алаяқтық жолмен алдап, «HAMMER H2» маркалы автокөлігін иемденіп кеткен. Қылмыстық ізін жасыру мақсатымен ол Қырғызстанда бой тасалап жүрген. Сол жақта жүріп-ақ осындағы Ф.Исрафилов және С.Батаев деген сыбайластарымен алдын ала сөз байласып, 69 кило 285 грамм есірткі затын (гашиш) Солтүстік Қазақстан облысына жеткізген. Одан әрі Ресейге өткізбек болған арам ойларына облыстық ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері тосқауыл болды. Іс сотқа жолданып, қылмыскерлер түрлі мерзімге жазаға кесілді. Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған Ю.Гусейновке халықаралық іздеу жарияланып, 2014 жылы Бішкек қаласының халықаралық әуежайында қолға түскен. Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Юсиф Гусейнов Қылмыстық Кодекстің 177-бабы бойынша айыпты деп танылды. Соған сәйкес, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сурет: members.vb.kg.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше