29 Маусым, 2015

Сыр гандболшылары жазғы спартакиадада топ жарды (фото)

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29-06-2015-SPORT 1АСТАНА. 29 маусым. Қызылорда қаласында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының гандболдан әйелдер арасындағы жазғы спартакиадасы өтті. Онда Қызылорданың гандболшылары топ жарып, 3 дүркін жеңімпаз атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Спартакиядаға Алматы, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 117 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының "Сейхұн-КАМ-ҚМУ" командасы қатарынан үш мәрте ел спартакиадасының чемпионы атанды. Айта кетейік, төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын байрақты додада Сыр спортшылары 2007 және 2011 жылдары 2 мәрте Қазақстан Спартакиадасының чемпионы атағына қол жеткізген болатын. Финалда қызылордалық қыздар Алматы облысының командасымен кездесіп, 37:29 есебімен жеңіске жетті. Жүлделі үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысының командасы еншіледі. Жүлделі орын алған командалар Мәдениет және спорт министрлігінің кубок, медаль және дипломдарымен марапатталды. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 29-06-2015-SPORT 12 29-06-2015-SPORT 13 29-06-2015-SPORT 14 29-06-2015-SPORT 15