01 Наурыз, 2015

Ресейдің Челябі қаласында ынтымақтастық форумы аяқталды

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
818721a8545b19c248a5066760afa387ҚОСТАНАЙ. 1 наурыз. Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский мен Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов 2018 ылға дейінгі ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Құжат сауда-өнеркәсіп, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды көздейді. Бұл туралы ng.kz хабарлады. Өткен жылы Челябі облысының делегациясы Қостанайда болған еді. Енді қостанайлықтар Челябі облысында болды. Қонақтарды күтіп алған губернатор Борис Дубровский: «Атырау қаласында өткен форумда да Қазақстан мен Ресей Президенттері аймақаралық ынтымақтастықта екі жақты тауар айналымы 50 пайызға дейін жететінін айтқан болатын. Бұл біздің көпжылдық әріптестігіміз жалпы мемлекеттік көлемде нәтиже берді деген сөз» деді. Губернатор бұл әріптестік қатынастарды Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде пысықтай түсетіндіктерін айтты. Шекаралас өңірлердің қатысуына, капитал, тауар, қызмет пен жұмысшы күшін алмасуына ешқандай кедергі болмауы тиіс. Губернатордың сөзін Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов жандандыра түсті: «Қостанай облыстық ауруханасы мен Челябі облыстық медициналық орталықтары арасында медициналық кеңестер алуды ұйымдастыруға қол жеткізген едік. Бұл науқастардың медициналық көмек алу мүмкіндігін кеңейте түсті. Челябі облысындағы жүрек қан айналысмы, онкология саласындағы кадрлардың жоғары біліктілігін, ғылыми потенциалын ескере отырып, Қостанай облысы дәрігерлерінің кеңес алуына сеніммен қараймыз» деді. Өткен ылдың алғашқы жартысында Қазақстан мен Оңтүстік Уралдың тауар айналымы 1 182,7 миллион доллар болған. Челябі облысында қазақстандық кәсіпкерлер құрылтайшысы болып саналатын 129 кәсіпорын жұмыс істейді. Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов жаңа экономикалық кеңістікте көршілердің жеңіл жүріп-тұруы керектігін айтты. Шегаралық бекеттерде машиналар 6-7 сағат күтіп тұрып қалады. Сондықтан, қазақ жағы шекарадан өткізу бекетін ұлғайту жобасын жасап отыр. Форум аясында сауда-экономиукалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнінде бірнеше меморандумға қол қойылды. Челябі облыстық экономиалық даму министрі Татьяна Кузнецова Оңтүстік Уралға келген инвесторлар үшін арнайы қолдау бағдарламасы бар екендігінен хабардар етті. Қостанайлық делегация Челябі облысындағы жаңа технологиямен істейтін кәсіпорындарды аралады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: ng.kz