АСТАНА. 28 наурыз. Жоғары хоккей лигасында «Братина» кубогы үшін сынға түсіп жатқан Қарағандының «Сарыарқасы» жартылай финалдағы алғашқы ойынын өткізді. Біздің команданың бұл сындағы қарсыласы Нефтекамскінің «Торосы» екені белгілі. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойын Қарағандыда өтті. Алғашқы кезеңде айдын иелері басым болды. Кездесудің 4-минутында Роберт Макмиллан есеп ашып, «Сарыарқаны» алға шығарды. Ал арада 29 секунд уақыт өткенде есеп біздің пайдамызға 2:0-ге жетті. Бұл жолы мергендігімен Андрей Плеханов көзге түсті.
Екінші кезең тең жағдайда өрбіді. Қос тарап қанша тырысқанымен таблодағы есеп өзгерген жоқ. Шешуші кезеңде қонақтар белсенді болды. 41-минутта Кирилл Полозов есеп айырмасын қысқартса, 48-минутта Игорь Скороходов таразы басын теңестірді. Қонақтар екінші шайбаны ойыншы басымдығына ие болған кезде соққанын айта кетейік.
Негізгі уақыттың соңына дейін бірін бірі ала алмаған қарсыластар қосымша кезеңге жүгінді. Бұл кезеңнің 3-минутында тағы да «Сарыарқаның» бір хоккейшісі кіші айыппен жазаланып, Нефтекамскіден келген команда тамаша мүмкіндікке ие болды. Берілген оңтайлы сәтті мүлт жібермеген олар жеңіс шайбасын соғып, ойынды өз пайдаларына аяқтады. Командасына жеңіс сыйлаған Кирилл Никоноров екенін айта кетейік.
Енді ертең қос қарсылас екінші ойын үшін айдынға шығады. Аталған тартыстың да Қарағандыда өтетіні белгілі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: thenews.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55