17 Шілде, 2010

КӨЗ АУРУЛАРЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

468 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жол­дауында: “Халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі”, деп атап көр­сеткен болатын. Елімізде осы бір стратегиялық көкей­кес­ті мақсатты іс жүзіне асыру мақ­сатында жүйелі міндет­тер­дің жүзеге асырылып келе жат­қаны белгілі. Оған Мем­ле­кет басшысының тікелей бас­шы­лығымен Астанада құры­лып, жемісті жұмыс атқарып келе жатқан медицина класте­рінің қызметі толық дәлел болады. Жақында осы кластер ая­сында, “Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы” АҚ базасында Көз аурулары ғылыми-зерттеу инс­титутының филиалы ашылды. Қазіргі заманның жаңа меди­ци­налық құралдарымен жаб­дық­талған, озық технология­лар­мен қаруланған бұл орта­лық­тың халық денсаулығын жақ­сарту ісіне қосар үлесі өлшеусіз. Қазіргі таңда елімізде 20000-нан астам зағип жандар тұрады. Көз жанарының кінә­раты салдарынан мүгедек бо­лып қалатындар саны жылдан-жылға артып барады. Соңғы уа­қыт­та тұрғындар арасында суқараңғы, глаукома, катаракт, көз тамырларының зақымда­нуы сияқты аурулар өршіп тұр. Әсіресе, балалар мен жас­өспірімдер арасында осындай ауру түрлерінің асқынып, жас­тар­дың ерте көз жанарла­ры­нын айрылуы ерекше алаңда­тады. Ересектердің көз жанар­ларынан айырылып зағип бо­лып қалуына глаукоманың ке­сірі айрықша болып отыр. Елі­мізде бұл кеселмен ауыратын­дар­дың саны соңғы 10 жыл ішінде 25 пайызға артқан. Осы ауру салдарынан мүгедек бол­ған­дардың қатары 3,7 есе өс­кен. Әрбір бесінші зағип еңбек жасындағы адамдар. Глаукома кеселіне ұшырағандардың үштен бірі бірінші топтағы мүгедектер. Жедел жәрдем орталы­ғын­да ашылып отырған филиал тұр­­ғындарға жоғары сапалы офтальмологиялық көмек көр­се­туге негізделген. Мұнда сыр­қат жандарға хирургиялық опе­рациялар жасалады. Орта­лық­тың алдағы уақыттағы жұ­мыс жобасында тікелей эфир арқылы офтальмологиялық опе­рациялар жасап, өңірлер­дің дәрігерлерімен тәжі­ри­бе алма­су жұмыстары қарас­ты­­­рылған. Орталықта осы са­ланың елі­міздегі алдыңғы қа­тарлы ма­мандары сол сияқты шетел­дер­ден келетін ғалымдар қыз­мет көрсететін болады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.