Көкшетау медиа орталығында республикалық «Бас редакторлар» клубы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Бүгінгі күн – бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбында семинар өткізді. Оған өңірдегі республикалық БАҚ өкілдері, облыстық және аудандық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.
Басқосуда республикалық «Бас редакторлар» клубының президенті Бибігүл Жексенбай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халқымызға Жолдауынан және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан туындайтын міндеттер және бүгінгі күнгі БАҚ-ты дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Онда Қазақстан Президентінің бес институттық реформасын отандастарымыз бен шетелдік қауым қызу талқылап, қолдау көрсетіп жатқаны, бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарына маңызды міндеттер жүктелетіні атап көрсетілді. Қабылданып жатқан мемлекеттік және ұлттық бағдарламаларды халық санасына жеткізіп қана қоймай, олардың орындалуына бұқаралық ықпалды арттыру ел дамуына ерекше екпін беретіні айқын. Осыған орай, шешен Малайзияның соңғы жиырма жылдағы серпінді дамуын өзге мемлекеттермен салыстыра талдап көрсетті. Бұл тәуелсіз Қазақстанның жігерлі қадамдарымен ұқсас екендігі де айтылды. Әлемдік сарапшылар осы үрдісті халықтың ақпаратқа қолжетімділігімен байланыстыруы тегін емес. Өмір және ғаламдық кеңістіктегі болмыс жылдам өзгеруде. ХХІ ғасыр ақпарат әлеуетіне сүйенген ғасыр. Сондықтан, отандық журналистика бәсекелестік алаңында алдыңғы саптан көрінуі тиіс. Белсенділік бастауында кәсіби шеберлік тұратыны белгілі.
Республикалық «Новое поколение» газеті бас редакторының орынбасары Юлиана Жихорьдің «Бүгінгі күннің дәстүрлі БАҚ-тары» баяндамасында газеттер мен журналдардың қазіргі күнгі бағыттары кеңінен сипатталды. Ақпаратқа деген сұраныс электрондық өнімдердің өтімділігін көрсетуде. Бұл орайда бәсекелестік бірінші орынға шығады. Қазіргі кезде барлық газеттер дерлік оқырмандарына өзінің электрондық нұсқасын ұсынуда. Бұл орайда да халықтың талдамалық әрі сауатты ақпаратты күтетіні анық. Қазір екінші толқыны жүріп жатқан жекешелендіру науқаны дәстүрлі БАҚ-тардың қоғам тынысындағы мазмұнын өзгерте алмайтыны да белгілі.
Семинарға қатысушылар Түрік елінің «ЖИХАН» ақпараттық агенттігінің өкілі Йылдыз Доганның «Қазақстандық БАҚ-тың шетелдік меншікті тілшілері қосынымен ынтымақтасты-
ғының аймақтық тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасына журналистер айрықша қызығушылық танытты. Біріншіден, баяндама мазмұндылығымен тартымды болса, екіншіден, Йылдыз бауырымыздың таза қазақ тілінде сөйлеуі бүгінгі күннің журналистеріне ой салғаны анық. Әлемдік ақпараттық кеңістіктің алғашқы ондығында тұрған «ЖИХАН» жер жүзінің 85 еліне төрт тілде ақпарат таратып, 35 елде өкілдігін ұстайды. Сонымен қатар, агенттік журнал шығарып, радио, телехабарларды таратып отыр. Мұның өзі заманауи БАҚ тек ақпараттық ықпалмен шектеліп қалмауы керектігін білдіреді.
Йылдыз Доган ағылшын тілінің маманы. Алайда, Қазақстанда журналистік қызмет атқарғанына жиырма жылдан асып барады. «Бұл кәсіп мені жазуға, суретке түсіруге, бейнеаппаратты меңгеруге, бірнеше тілде сөйлеуге үйретті», дейді ол.
«Хабар» агенттігі АҚ «Білім және мәдениет» арнасы бас редакторының орынбасары Бауыржан Шамшатов «Қазіргі заманғы телевизиялық журналистиканың өзекті мәселелері» туралы ой қозғады.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
КӨКШЕТАУ.

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44