АСТАНА. 28 наурыз. Мәскеудің Шереметьево әуежайының Шереметьево-3 терминалында екі ұшақ қанаттарымен соқтығысып, кезекті апатты жағдай тіркелді. Соның салдарынан әуе көліктерінің сапары кейінге шегерілді. Бұл туралы lifenews.ru хабарлады.
Келеңсіз жағдай А320 және А319 ұшақтары арасында болды. Бұл кезде екі әуе кемесі де жерде болғанын айта кетейік. А320-ның бортында 147 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Ал келесі ұшақта жолаушылар болмаған екен. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.
Қақтығыс барысында екі ұшақтың да қанаттарында айтарлықтай ақау пайда болып, жоспарланған ұшу кестелеріне өзгерістер енгізілді.
Шереметьево-3 Мәскеудегі Шереметьево әуежайындағы «Аэрофлот» әуе компаниясының қатысуымен салынған жаңа терминалдардың бірі. Пайдалануға 2009 жылы берілді. Бүгінгі келеңсіздікке байланысты аталған терминалдан ұшатын барлық халықаралық және ішкі әуе рейстері кейінге шегерілді. Бұл ұшақтардың барлығы «Аэрофлот» және SkyTeam альянсына мүше әуе компанияларына тиесілі екенін айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: lifenews.ru.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше