АЛМАТЫ. 15 мамыр. Лас-Вегас шаһарында атақты америкалық музыкант – «блюз патшасы» Би Би Кинг (B.B. King) 89 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Музыканттың адвокаты Брент Брайсонның мәлімдеуінше дарын иесі өз үйінде ұйқыдан тұрмаған. Гитара шебері соңғы рет 2015 жылдың 6 сәуірінде организміндегі қантының жедел көтерілуіне байланысты ауруханаға түскен. Қант диабеті кеселімен музыкант 20 жылдан бері ауырады. Алайда, сәуірдегі кеселдің қозуы екі-ақ күнге созылған. Бүкіл әлемнің музыка сүйер қауымы Би Би Кингті (шын есімі – Riley B. King) «Грэмми» сыйлығын әлденеше рет иемденген, шебер блюз орындаушы әрі танымал автор ретінде жақсы біледі. Осы арада оның 2006 жылы денсаулығына байланысты Еуорпаға гастрольлдік сапарын тоқтатқаны да еске түседі.
Айта кетейік, америкалық Rolling Stone журналы 2011жылдың қорытындысы бойынша Би Би Кингті дүниежүзінің ең белгілі 100 гитара орындаушыларының ішінде 6-шы қатарға қойған болатын.
Талғат Сүйінбай.
Сурет, дерек: АР.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше