ПАВЛОДАР. 1 наурыз. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалында «Азаматтарды қабылдау күні» өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шара барысында облыстық мәслихат депутаттары, облыстық білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, жастар істері бойынша басқармалардың, сонымен қатар, әділет департаментінің өкілдері облыс тұрғындарын өтініш, арыз-шағымдары бойынша қабылдады.
Көпшілікті мазалаған сұрақтардың ішінде Семей ядролық полигонының зардабы туралы да бар. Негізі полигон аумағында тұрған халық үшін жеңілдіктер бар екенін белгілі. Десе де, көпшілік заңнамадағы өзгерістерге байланысты полигон зардабын тартқан тұрғындар соғыс ардагерлері санатына алына ма, зейнетақы мөлшері қайта қарала ма, қандай құжаттар жинау керек деген сияқты сұрақтарға жауап алғысы келеді. Осы мәселе жөнінде полигонның зардабы көп тиген ең қауіпті аймақта тұратын Сайлау Мақышев есімді азамат қабылдауға арнайы келіпті. Қабылдау барысында оған жақында арнайы түрде жауап берілетіні айтылды.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: pavlodarnews.kz.
• 01 Наурыз, 2015
Павлодарда «Нұр Отан» партиясы азаматтарды қабылдады

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше