кешенінің маңайы абаттандырылды
Еліміздің рухани орталығы Семей шаһарынан қасиетті Абай жеріне баратын қасқа жолдың бойында тарихи ескерткіштер көп-ақ. Асықпай аралаған адам М.Әуезовтің әйгілі «Абай жолы» эпопеясын қайта парақтап шыққандай әсерде қалады. Сол ескерткіштердің бірі – «Еңлік-Кебек» кешені. Таяуда оның басында махаббаттың қос мұңлығына арналған ескерткіш-мүсін мен демалыс үйі ашылып, Абайдың 170 жылдық мерейтойы аясында кешен маңайы абаттандырылып, көз тартатын көрікті кейіпке енді. Айналасы асфальтталған алаңға күн көзінен қалқалайтын күрке орнатылды. Сұлулықтың символына баланған елік бейнесімен бірге қойылған Еңлік пен Кебектің мүсінін жергілікті өнер иесі, Саржал ауылындағы Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектептің мұғалімі Ертіс Тәтиев жасаған екен.
– Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанында ғашықтардың бастан кешкендері әсерлі баяндалатынын білесіздер. Осы оқиға негізіне сүйене отырып, мүсінді балам екеуіміз бір жарым айда жасап шықтық. Қос мұңлықтың ішкі жан дүниесінің көрініс табуына назар аудардық. Махаббат құрбандарының жанына елікті қоюымыздың мәні бар. Өйткені, Кебек Еңлік сұлуға аң атып жүргенде кез болады. Бұл жұмыс облыстық мәслихат депутаты Тасболат Битеновтің қолдауымен жүзеге асты, – деді Ертіс Исайынұлы.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу бағытында аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтің бастамасымен жүзеге асқан тағы бір шаруа – кесенеге тағзым ете келген туристерге арналған қонақжай. Облыстық мәслихат депутаты, Семей қаласындағы «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбай бұл кешенді ұлы Абайдың 170 жылдық тойына тарту ретінде жеке қаражатына салдырды.
– Еліміздегі айтулы тарихи орындардың біріне саналатын Еңлік пен Кебек мазарының жанынан заманауи демалыс кешенінің ашылуы туристерге, қадірлі меймандарға өте қолайлы жағдай жасайды, – деді Қарауыл ауылынан келген Ботабек ақсақал.
Кешеннің қабырғасына «Ұлы Абайға – 170 жыл» деп жазылған. Сондай-ақ мерейтой құрметіне салынған демалыс үйінің аумағы да 170 шаршы метрді құрайды. Семей, Абай мен Абыралы өңірлерінде халыққа, ел мен жер тарихына қатысты игі істерімен белгілі Марат Серікжанұлы ЮНЕСКО көлемінде тойланған ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына да айтулы үлес қосқан болатын.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданы.

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44