29 Наурыз, 2015

Полиция Акинфеевті жарақаттаған жанкүйерді қамады (видео)

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-03-15-akinfeev-1

АСТАНА. 29 наурыз. Бұрнағы күні Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтіп жатқан Черногория – Ресей матчының 1-минутында трибунадан петарда лақтырып, қонақтардың қақпашысы Игорь Акинфеевті жарақаттаған черногорлық жанкүйерді полиция қамауға алды. Бұл туралы «Р-Спорт» хабарлады. «Черногорияның құқық қорғау органдары Ресей құрамасының қақпашысы Игорь Акинфеевке файер лақтырды деген күдік таңылған Черногория құрамасының жанкүйері Лука Лазаревичке қарсы қылмыстық іс қозғады», деп хабарлады cdm.me. 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің Черногория – Ресей арасындағы кездесуі жұма күні түнде өткізілді. Ойын бірінші рет 1-минутта қақпашы Акинфеевтің басына трибунадан ұшқан файер келіп тиген кезде тоқтатылды. Қақпашы зембілмен әкетіліп, жергілікті ауруханаға жатқызылды. Ұзақ уақытқа созылған үзілістен кейін ойын қайта жалғасты. Ал қақпаға Юрий Лодыгин тұрды. Екінші таймда кездесу біржола тоқтатылды. Енді Дмитрий Комбаровқа трибунадан пышақ лақтырылды. Бұдан кейін арбитр ойынды созып қажеті жоқ деп шешті. Дәлірегі, УЕФА-ның президенті Мишель Платини осындай нұсқауды өзі берді. Бұдан бұрын Лазаревичтің қарау камерасы анықталғаны айтылды. Бұл жанкүйер өзін өте еліріп ұстағанымен де көзге түсті. Тағы екі адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алынды. Сол күні түнде Ресей құрамасы Мәскеуге оралды. Жарақат алған Акинфеев те командамен бірге еліне келді. Мұрат Айтқожа. https://youtu.be/fJ4_kLybBug