Оқиға • Кеше

Қазақстанда 1990 жылдары жасалған ауыр қылмыстардың беті ашылды

1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстық істерді зерделеді. Қылмыстардың көбі 1990-2000 жылдары тіркелген. Бүгінде мұндай қылмыстар заманауи технологиялардың көмегімен ашылып жатыр. деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 1990 жылдары жасалған ауыр қылмыстардың беті ашылды

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, министрлік базасында молекулалық-генетикалық зертхана жұмыс істейді. Әр сала бойынша цирфлық шешімдер қарқынды дамып келеді. Жүргізіліп жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде биыл бұрын жасалған ондаған ауыр және аса ауыр қылмыс ашылды.

Кісі өлімі бір тәулікте ашылды

Жинақталған айғақтар негізінде күдіктілер өз кінәларын мойындап жатыр. Мысалы, Павлодар және Қарағанды облыстарында өткен жылдардағы қылмыс санатынан адам өлтіру деректері ашылды.

«ДНҚ-сараптамасы негізгі рөл атқарды. Қазір қылмыскерлер сот шешімін күтіп отыр. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу ерекше бақылауда тұр»,  деді ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Сергей Стихеев.

Бұл іс – қылмыскерлерге уақыт қорған емес екенін тағы бір мәрте айғақталды.

ІІМ: Қызметтік иттер көмегімен 50-ден астам кісі өлімі ісі ашылды

Соңғы жаңалықтар