Тергеу барысында қылмысқа қатысы бар күдіктілерді іздестіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарды. Қызылорда қаласы ПБ полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің арқасында, кезекші тәулікте 1998 және 1986 жылы туған екі күдікті ер адам құрықталды. Күдіктілер қала аумағында жасырынып, қашып жүрген. Қазіргі уақытта олар қамауға алынып, Қызылорда қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда, тергеу әрекеттері жүргізілуде.