29 Наурыз, 2015

Алматы жұрты Нұрлан Қаппаровпен қоштасты

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-03-15-nurlan_kapparov-1

АСТАНА. 29 наурыз. Кеше Алматыда «Қазатомпром» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Қаппаровты ақырғы сапарға шығарып салу рәсімі болды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қаралы жиынға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Үкімет мүшелері, марқұмның туған-туыстары мен жақындары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиынды қала әкімі А.Есімов ашып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Н.Қаппаровтың кенеттен қайтыс болуына байланысты көңіл айту білдірген жеделхатын оқып берді. Жеделхат мәтінінде Нұрлан Жамбылұлының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында танымал кәсіпкер атанып, жас толқынның арасынан ерекше көрінгені айтылған. Ол әр жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ президенті, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы болды, сондай-ақ басқа да жауапты лауазымдарда өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды. «Н.Қаппаров өзінің мол білімі мен тәжірибесін әрдайым еліміздің өсіп-өркендеуіне жұмсаған дарынды ұйымдастырушы болды. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды», – делінген жеделхатта. Еске сала кетейік, «Қазатомпром» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Қаппаров 26 наурыз күні Қытайда сапарда жүргенінде Бейжің уақытымен 14Ү30 сағатта өмірден өтті. Қазаның себебі жүректің кенеттен тоқтап қалғаны болды. Мұрат Айтқожа.