Аймақтар • Кеше

Шойынжол бекеттері қайта жанданды

2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика көлемінде 124 бекетті жаңғырту жұмысы басталған еді. Жақында Абай облысы Бородулиха ауданының Ауыл және Белағаш ауылдарындағы теміржол бекеттері қайта жаңғыртудан өтті.

Шойынжол бекеттері қайта жанданды

Аталған салтанатты жиын­ның ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Исқалиев қатысты.

«Ауыл стансасындағы темір­жол бекеті соңғы рет 2011 жылы күрделі жөндеуден өткен. Станса арқылы халықаралық бағыттағы «Новосибирск – Алматы» по­йызы қатынайды. Ал Белағашта­ғы теміржол бекеті 1914 жылы бой көтерген. Ғимаратқа соңғы рет 2013 жылы күрделі жөндеу жүргізілген», дейді облыстық баспасөз қыз­меті.

Қайта жаңғырту барысын­да Ауыл стансасындағы темір­жол бекеті ғимаратының аума­­ғы 240,9 шаршы метрден 272,89 шаршы метрге, Белағаш теміржол бекеті аумағы 208 шар­шы метрден 264,55 шаршы метр­ге дейін кеңейтілді. Екі нысан­­да да шатыр толық ауыс-тырылып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмысы жүргізілді. Перрон­дар қайта жөнделіп, іргелес аумақ­тар абаттандырылды. Вок­­зал­дар жаңа жиһаздармен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтарға, қарт адамдар мен кішкентай балалары бар аналарға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді. Ғимараттарда арнайы санитарлық тораптар, ана мен бала бөлмелері, пандустар мен тактильді бағыттаушы элементтер қарастырылған.

Өңір басшысы қайта жаңғыр­тылған вокзалдардың елді мекен тұрғындары үшін маңызы зор екенін жеткізді.

«Абай облысында 10 темір­жол вокзалын реконструк­­ция­лау қолға алынды. Бүгін міне, екі бірдей теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, ел игі­лі­гі­не берілді. Жарма, Үш­биік, Ақ­то­­ғай, Дегелең, Жалаңа­ш­көл, Шар вокзалдарын қыр­кү­йек айына дейін кес­теге сай аяқ­тауды жос­парлап отырмыз. Семей мен Аягөз қаласындағы вок­залдар жылдың соңында дейін пай­далануға беріледі. Жаңартыл­ған вокзалдар ауыл тұрғындары мен өңір қонақтарына сапалы қызмет көрсетіп, халық игілігіне айналады деп сенемін», деді Б.Уәли.

 

Абай облысы,

Бородулиха ауданы

Соңғы жаңалықтар