Парламент • Кеше

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?

1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр. Жиында бірқатар маңызды заң жобалары қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?

Фото: Мәжіліс

Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банк арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралады.

Сондай-ақ «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланады.

Сонымен қатар «2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы және «2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралмақ.

Мәжіліс нотариустардың жауапкершілігін күшейтетін заңды қабылдады

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілісте Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын, сондай-ақ осы мәселеге қатысты «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістерді талқыланды.

Соңғы жаңалықтар