Хаттамаға 2024 жылғы 28 қарашада Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары қол қойған. Құжат ҰҚШҰ-ның ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының қызметін реттейтін қолданыстағы келісімдерге өзгерістер енгізеді.
Ережелерді жаңарту қажеттілігі қатысушы мемлекеттердің ықтимал дағдарыстық жағдайларға жедел әрекет ету үшін құқықтық тетіктерді алдын ала дайындауға ұмтылуымен түсіндіріледі. Мұндай жағдайларда әскери бөлімшелерді қысқа мерзімде орналастыру, техниканы тасымалдау және ұйымға мүше елдердің бірінің аумағында бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру қажет болуы мүмкін.
Хаттаманың негізгі ережелері туралы депутат Асхат Рақымжанов баяндады. Оның айтуынша, өзгерістер мемлекеттердің әскери саладағы өзара іс-қимыл тәртібін айқындайтын екі негізгі құжатқа қатысты.
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
«Бірінші құжат – 2010 жылғы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрамаларының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама. Оның мақсаты – бюрократиялық олқылықтарды жою және әскери құрамалардың уақытша болуы мен оларды басқару тәртібін нақты реттеу», деді депутат.
Бұл одақтас мемлекеттердің аумағында әскери бөлімдерді орналастыру мәселелерін неғұрлым егжей-тегжейлі реттеуді, сондай-ақ мұндай құрамаларды өз елінен тыс жерде басқару тәртібі мен өкілеттіктерді бөлуді көздейді.
Екінші құжат – ҰҚШҰ мемлекеттерінің аумақтары арқылы әскери қызметшілерді, қару-жарақты, техниканы, әскери мүлік пен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау тәртібіне қатысты. Өзгерістер күшіне енгеннен кейін келісу рәсімдері жеңілдеп, оларды өткізуге кететін уақыт қысқарады деп жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Осылайша, ұйымға мүше мемлекеттер қауіпсіздік саласындағы бірлескен іс-шараларды өткізу кезінде, соның ішінде төтенше жағдайлар немесе басқа да сын-қатерлер туындаған кезде күштер мен құралдарды жедел орналастыру барысында әрекет ету тиімділігін арттырып, әкімшілік кедергілерді азайтуды көздейді.