17 Шілде, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Г.Марченко Президентке елдің ағымдағы макроэкономикалық жағдайы туралы баяндады. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты бірінші жартыжылдықтың алдын ала қорытындыларынан хабардар етті. Жалпы жағдай тұрақты. Инфляция 6,8 пайызды құрайды және белгіленген дәліз аясында тұр. Бірінші тоқсандағы төлем балансының сальдосы оң болып табылады. Макроэкономикалық көрсеткіштер жаман емес, – деді Г.Марченко.