– дейді Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат БАЗАРҚҰЛОВА
– Ләззат Тілеубайқызы, көгілдір көктеммен бірге мерекелік леп ілестіре келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында басшы ретінде ғана емес, әйел затына тән бір нәзіктікпен сезім әлеміне беріле, өзіндік ой түюге қалайсыз?
– Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін тамаша мереке қарсаңында сезім әлеміне берілмейтін әйел жоқ та шығар деп ойлаймын. Өйткені, әсемдік пен сұлулық әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алады. Бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен әйел-ана – барша адамзат баласының тірегі, тірліктің қайнар бұлағы. Асыл да ардақты анасын сыйлайтын, қамқор әпкесін құрметтеп, тілеулес сіңлісін қадірлейтін, әріптес құрбыларына сенім артып, қызғалдағы – қызын жанындай жақсы көретін әрбір адам сезімге бөленіп жүретіні анық. Жер бетіндегі тіршілік күннің көзінен нәр алса, адам баласы ананың сүтінен қуат алады. Ендеше, мен де өзге нәзік жандылар тәрізді осынау шуақты мереке қарсаңында әр отбасының киесі, ақ бесіктің иесі асыл аналар жарқын күндердің себепкері болып арамызда жүре берсе екен деп тілеймін!
Елбасы «Әйел – өмірдің тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі» деп нақтылағандай, қоғамның қай саласын болса да әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Ғасырдан-ғасырға жетіп, аты аңызға айналған Ұмай ана, Домалақ ана, Айша бибі, Тұмар мен Зарина ханшайымдардың ізін жалғастырған шығыстың қос шынары – Әлия мен Мәншүктің есімдері қалың жұрттың жүрегінде жатталып қалғаны ақиқат. Құт болып әрбір үйден табылатын, шырақ болып әрбір үйге жағылатын нәзік те биязы, көрікті де келбетті әріптестерімнің ел болашағы жолындағы адал қызметтері үшін көңілге қуаныш ұялататын мереке қарсаңында шексіз алғыс білдіргім келеді. Шығыс мәдениетіне тән нәзіктік пен ұстамдылыққа, батыс өркениетіне тән ой тәуелсіздігі мен еркіндікке ие әріптестерімнің қызығы мен қиындығы, зейнеті мен бейнеті аралас қызметтерінде шығар белестері биік, алар асулары асқақ болсын деп тілеймін. Өзгеріске толы мына әлемде замана көшінен қалдырмай, алға қарай жетелейтін күш-қуаттары ешқашан сарқылмаса екен деп ойлаймын. Ойлап қана қоймай, оларды кәсіби тұрғыдан демеп, қолдау көрсету мақсатын көздейтін шаралардың көптеп ұйымдастырылуына ерекше мән беремін. Ендеше, біздер –бала жанының бағбаны елдік арманға жету үшін жеке тұлғалық қасиетімен адамзат өркениетіне үлес қосатын азамат тәрбиелеуді басты назарда ұстауымыз тиіс. Жүздерімізге жылылық, жүректерімізге мейірім ұялататын мерекеде әріптестеріме сарқылмас күш, отбасылық бақыт тілеймін.
– Сәті түскенде жетістіктерді айту арқылы мұғалімдердің көңілдеріне қуаныш нұрын себу де бір ғанибет. Бұл туралы да ой өрбіте кетсеңіз жөн болар еді.
– Иә, мұғалім – мектептің басты тірегі. Сондықтан да бұл мамандық ең құрметті, ең беделді кәсіп болуға тиіс. Мұндай ұстаным менің жүрегімнің түкпіріне берік ұялаған. Педагогикалық қызметімді мектептен бастап, мамандықтың қадір-қасиетін жете сезінген едім. Еліміздің әр педагогының, мұғалімінің ой-арманын, үміті мен мүддесін өз басым терең сезінемін десем жаңсақ айтқандық болмас. Біздің жұмысымыздың басты нәтижесі – тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеу. Үздік білім – ғылымдағы нәтиженің, ал ғылымдағы жетістік – инновациялық дамудың қайнар көзі. Сапалы білімі бар ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет бола алатыны дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Президент айтқан алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына да білім жеткізері сөзсіз-ақ. Үлгі тұтарлық ұлт болып қалыптасуымыздың бір негізі сапалы білім алған ұрпақ екені даусыз. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деген қанатты сөз бар. «Ең әуелі, мектепке керегі – оқыта білетін мұғалім», – дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Ұстаздың мәртебесін жоғары деңгейге көтеру үшін ұстазға қоғам, ата-ана, оқушы тарапынан қошемет көрсетіліп, мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау жасалуы шарт деп білемін. Осы мақсатта біз озық тәжірибе және үздік педагогтардың жетістіктерін белсенді насихаттауды мақсат етіп отырмыз. Облыс әкімі де осы бағыттағы жұмысқа ерекше көңіл бөлуде. Мәселен, жыл сайын білім саласы қызметкерлерінің мерейін асырып, мәртебесін көтеру мақсатында қомақты жүлде тағайындап, 7 номинация бойынша байқау өткізу дәстүрге айналып отыр. Байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік жыл мұғаліміне облыс орталығы Талдықорған қаласынан 2 бөлмелі пәтер беріледі. Бұл өз кезегінде бақытын бала тәрбиесімен байланыстырып отырған ұстаздар қауымының өз ісіне деген ынтасын арттырып, жігеріне жігер қосатыны белгілі. Осылайша облысымызда ұстаздардың жоғары нәтижеге қол жеткізуіне, олардың материалдық жағдайының жақсаруына және кәсіби өсуіне, оқушыларымыздың биіктерден көрінуіне аса мән беріледі.
– Елбасы Жетісу жеріне келгенде үш ауысымды және апаттық мектептер мәселесін көтеріп, тиісті адамдарға тапсырма бергені мәлім. Сіз осы саланың қыр-сырын жетік зерделеп, мәселенің мәнісін ой елегінен өткізіп көрдіңіз бе?
– Демографиялық өсу және көші-қон үрдісіне байланысты облысымыздағы мектептерде оқушылар саны жыл санап артып келеді. Сол себепті Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында басым міндеттердің бірі болып әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту шеңберінде апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту мәселесін шешу керектігі қойылып отыр. Мемлекет басшысы облысымызға келген іссапары кезінде үш ауысымды мектептердегі мәселені шешу, оқушыға арналған орын тапшылығын жою мәселесін өңір басшыларына тапсырған болатын. Осыған орай барлық білім нысандарына мониторинг жүргізіліп, облысымыздағы апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту мәселесін шешу бойынша қадамдық жоспар дайындалды.
Бүгінгі күні облыстағы апатты 24 мектептің 18-нің мәселесі шешіліп, 4 мектеп құрылысы жүргізілуде. 2015-2016 жылдар арасында Кербұлақ ауданы, Нұрым ауылындағы орта мектеп құрылысы жоспарланған, ал Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып Ұлттық қор есебінен 2015 жылғы бюджетке кіргізу мәселесі шешілуде. 2014-2015 оқу жылының басында 59 үш ауысымды мектеп болса, осы мәселені шешу үшін 51 мектеп және қосалқы құрылыс салу қолға алынуда. Талғар ауданы, Жаңалық ауылындағы 180 орындық орта мектеп пен 9 нысанның құрылысы жүргізілуде. 2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен және мектеп құрылысын салу бойынша Жол картасы аясында Ұлттық қор есебінен 33 мектеп, жергілікті бюджеттен 12 мектеп салу жоспарланған. 2017 жылы облысымызда апатты және үш ауысымдағы мектептер мәселесі толық шешіледі деген ойдамыз.Сөйтіп, Елбасы тапсырмасын тиянақты орындап, елдің алдында жүзіміз жарқын болу қадамы жасалуда.
– «Бұлақ – басынан тұнады» деген даналыққа жүгінсек, өңірдегі білім саласына қандай жаңалық енгіздіңіздер?
– Талдықорған қаласында Назарбаев зияткерлік мектептері, педагогикалық шеберлік орталығы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті және Алматы облысының білім басқармасы бірлесе отырып, өзара ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойдық. Меморандум қабылдаудағы мақсатымыз – Алматы облысының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев зияткерлік мектептері мен шетелдік озық педагогикалық тәжірибелерді таратуға, білім беру үдерісінде мұғалімдердің тәжірибесін ұштай отырып, білімін жетілдіруге, Кембридж университетіндегі әріптестермен бірлесе жұмыс істеуге, педагогикалық тәжірибені ұштастыра ұйымдастыруға бағытталған және сабақ барысындағы әрекеттерді зерттеудің ерекше формасы болып табылатын Lesson Study педагогикалық тәсілін енгізу. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы оқушылардың функциялық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі. Lesson Study сабағын бірнеше мұғалім бірлесе жоспарлайды, өткізеді, қадағалайды, оқыту мен оқуды талдайды. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу жұмысын әріптестеріне таратады. Бірлескен зерттеу сабағының жоспарын басқа мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолдана алатын болады.
Тағы бір қосарым, әр ойды, сөзді айтудың өз уақыты болады. Көктем мерекесінде қызғалдақтай құлпыра мектепке келетін ұстаздар жүрегінде «Мұғалім оқушыдан артық білуі керек», «Қай қырынан болса да бір саты биік тұруы міндет». Өйткені, «Мектептің жүрегі – мұғалім» деген ұлылыққа «тірегі», «айнасы» деген әдемі тіркестер ілесе, көңілдер түкпірінде ұялап тұрса, нұр үстіне нұр емес пе?!.
Әңгімелескен
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Талдықорған.

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11