30 Маусым, 2015

Татарстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан көше ашылды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-06-2015-Prezident 2АСТАНА. 30 маусым. Қазан қаласының басшылығы шаһардағы Эсперанто көшесінің атын «Нұрсұлтан Назарбаев көшесі» қылып ауыстырды. Бұл туралы ProKazan.ru-ға сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады. Қазір аталған көшедегі мекен-жай жазылған тақтайшалар ауыстырылып жатыр. «Татарстан Республикасының қазақ ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы С. Жақсыбаевтың қала көшелерінің біріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін беру туралы өтініші қарастырылған соң Қазан муниципалдық топонимика бойынша комиссиясының ұсынысын ескеріп, Вахитов және Приволжский аудандарының аумағындағы Эсперанто көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру шешімі қабылданды», – деп хабарлады порталға қаланың атқарушы комитетінен. Хабарламада қала басшылығы қазіргі уақытта дайындау жұмыстарын, соның ішінде мекен-жай атрибутикаларын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіп жатқаны айтылған. Айта кетейік, Қазан қаласының көшелерінің бірін Назарбаев есімін беру туралы әңгімелер бір апта бұрын айтыла бастаған болаты. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат». 30-06-2015-Prezident 1