29 Наурыз, 2015

Өзбекстанда сайлаушылардың 85 пайызы дауыс берді

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-03-15-vybory_uzbekistan-1

АСТАНА. 29 наурыз. Өзбекстанда жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін сайлаушылардың 85 пайыздан астамы президент сайлауы үшін дауыс беру жүріп жатқан сайлау учаскелеріне келіп үлгерді. Бұл туралы «Газета.Ru» хабарлады. «Сайлаушылар тізіміне кірген 20 млн. адамның 17 миллионнан астамы дауыс берді», - делінген хабарламада. «Қазіргі сәтке дейін Орталық сайлау комиссиясына әлдеқандай бір сайлау заңының бұзылғаны туралы ақпар келіп түскен жоқ», - деді өзбек Орталық сайлау комиссиясының басшысы Мирза-Улугбек Абдусаломов. Өзбекстандағы сайлау таңертеңгі сағат 10-да, сайлаушылардың үштен бір бөлігінен астамы, яғни 36 пайызы келген кезде заңды өтіп жатыр деп танылды. Өзбекстан Либералды демократиялық партиясының атынан сайлауға түсіп жатқан президенттікке кандидат Ислам Каримов бүгін таңертең сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Іс басындағы мемлекет басшысы бұрыннан қалыптасқан дәстүрге сәйкес, Ташкенттегі Миробад ауданында орналасқан 644-сайлау учаскесіне келді. Өзбекстан сайлау тізіміне 20 798 052 адам тіркелген. Олар 4 кандидаттың арасынан бір адамды таңдайды. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: Газета.Ru.