19 Тамыз, 2015

Қазақстан әскери байқауда екінші орынды иеленді

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.08.2015 ASTАСТАНА. 19 тамыз. «Каспий теңізі – 2015» байқауының бірінші қорытындысы белгілі болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Алғашқы жауынгерлік оқ атулардың нәтижелері бойынша «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы екінші орынға табан тіреді. Әскери теңізшілеріміздің командасын аз ғана ұпаймен «Град Свияжск» шағын артиллериялық кораблінде ресейлік теңізшілер озып кетті. 19.08.2015 AST-1Жеребеге сәйкес жауынгерлік міндетті бірінші болып орындау күрделі тапсырмасы біздің командаға бұйырды. Екінші болып Ресейдің, үшінші Әзірбайжан Әуе теңіз күштерінің теңізшілері еріп жүрді. Байқау ережелері бойынша әрбір корабль 12 торап жылдамдығында берілген бағдар бойынша бір айналымнан өтуі тиіс. Содан кейін белгі бойынша күту ауданынан жауынгерлік жаттығуларды орындау секторына көшіп, жарқырағыш авиациялық бомба түріндегі әуе нысанасын, жүзбелі мина мен шағын көлемді теңіз нысанасын барынша дәл жоюды жүзеге асырады. Оқ атуларды аяқтап, мәре шебіне көшеді. 19.08.2015 AST-2Тапсырманы орындау кезінде теңізшілеріміз мина сызбанұсқасы бойынша оқ атуда үздік болып табылды. Олар төрт рет нысананы сәтті жойды, ресейлік теңізшілер нысананы үш рет жойса, Әзірбайжан ӘТК командасы нысанаға тигізген жоқ. Бұл байқаудың бірінші қорытындысы ғана екенін атап өткен жөн. Каспий теңізіндегі шайқас жалғасуда. Теңізшілеріміздің өзге айналымдарда қосымша ұпай жинап, сайыс көшбасшысы болуға уақыты бар. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.