АСТАНА. 29 наурыз. Жоғары хоккей лигасының жартылай финалында екінші ойынын өткізген «Сарыарқа» тағы да жеңілуге мәжбүр болды. Нефтекамскінің «Торосымен» күш сынасқан біздің команда бүгін 1:2 есебімен есе жіберді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Алғашқы кезеңде айдын иелері басым болды. Бірнеше өткір шабуыл ұйымдастырып, жүйелі ойын өрнегін көрсеткен «Сарыарқа» 12-минутта есеп ашты. Нәтижелі соққының авторы Александр Зубрицкий.
Есесіне, қалған екі кезеңде қонақтар ойын тізгінін уыстарынан шығарған жоқ. Кездесудің 24-минутында Василий Мордвинов таразы басын теңестірсе, 44-минутта Кирилл Полозов командасының жеңіс шайбасын соқты. Осылайша, Руслан Сүлейменовтен тәлім алатын «Торос» хоккейшілері екінші жеңістеріне қол жеткізді. Кешегі ойында да «Сарыарқа» жеңіп тұрып жеңілген еді.
Қазір қос команда арасындағы жалпы есеп «Торостың» пайдасына 2:0. Енді қарсыластар 1-2 сәуір күндері Нефтекамскіде күш сынасады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hc-saryarka.com.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше