03 Наурыз, 2015

Уақыт пен ұрпақ үндестігі

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Логотип 550 жылОблыстық ішкі саясат басқармасы «Достар» мәдениет сарайында ұйымдастырған «Қазақ даласының ұлы тарихы» атты дөңгелек үстел мәжілісі «Еркін ұлттың биік рухы» деректі фильмін тамашалаумен басталды. Басқосуға жиналған Ш.Уәли­ханов атындағы Көкшетау мемле­кеттік университетінің оқытушыларын, зиялы қауым өкілдерін, студенттер мен жас­тарды құттықтау сөзінде басқарма басшысы Гүлжанар Шөкеева осынау ұлық мере­кенің қоғамдық құрылысты дамы­тудағы, елдің тұтастығы мен ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше маңызын атап көрсетті. Казак хандыгы – Республикамыздың барлық аймақтарындағы сияқты, Ақмола облысында да өңірдің мәдени және рухани өмірінде айрықша орын алатын танымдық шаралар өткізіледі, – деді Г.Шө­кеева. – Мәселен, нау­рыз айында аудандарға, құра­мына шығармашылық ұжым­дар мүшелерін, тарихшылар мен мәдениеттанушыларды бірік­тіретін «Қазақ елі – Мәңгілік Ел» автокеруені сапар бастайды. Сондай-ақ, халықаралық мұражайлар және фольклорлық-этнографиялық феставальдары, Шоқан Уәлиханов мұраларын зерттеуге байланысты ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, «Абылай» спектакльінің премьерасы, республикалық ақындар айтысы, этноауылдар көрмесі, басқа да көпшілік шаралары өткізіледі деп жоспарлануда. Жыл бойына жұртшылық назарында болатын тақырыптық кітап көрмелері, конкурстар, кездесулер, декадалар, конференциялар, дебаттық турнирлер, акциялар мен концерттердің мазмұны тереңдей түспек. Бұл орай­да облыстық ішкі саясат бас­­қармасы аза­маттардың ұтымды ұсы­­­ныстарын, жаңашыл бас­­­­­­­­та­ма­ларын үнемі қолдайтын бо­лады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы. Суретті түсірген Ермұрат Досымов.