ТАРАЗ. 19 тамыз. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Алматы марафоншылар клубының ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Шу-Ұлытау» марафоны Жамбыл жерінде Шу қаласынан бастау алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Марафоншылардың мақсаты – Керей мен Жәнібек хан көтерген көк тудың көшірмесін өздері межелеген шақырымдарды жүгіріп өткен соң, Қазақстан Тұңғыш Президентінің мұражайына табыс ету.
Бұдан кейін марафоншылар Тараз қаласына аяқ басып, қала тұрғындары оларға сәт-сапар тіледі. Марафоншылар арасында Меккеге дейін жүгіріп барып, қажылық сапарын өтеп келген Дулат Иманғазы да бар. Ал, тағы бір қатысушы жамбылдық Жанар Сембекұлы 65 жаста екен.
«Марафонның маңызы үлкен. Ортамызда жас жігіттер де бар.Дина Мергенбаева деген желаяқ қыз да осы іс-шараға қатысуға ынта білдіріп, хандықтың 550 жылдық тойына өз үлесін қосуда. Марафоншылардың 11-і Алматы қаласынан. Жасы ең үлкені менмін. Жасым 68-де. Бірақ жүгіргенде жастардан қалыса қоймаймын. Ол спортты жастайымнан серік еткенімнің жемісі», – дейді алматылық марафоншы Марат Балтабаев.
Марафоншылар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облысы аймақтарын басып өтпек. Жалпы, 1500 шақырым жерді жүгіріп өтетін желаяқтар 22 тамыз күні Ұлытауға жетуді жоспарлап отыр.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Жұмыс уақытында мас күйінде ұсталған ауыл әкімі қызметінен қуылмақ
Заң • Бүгін, 16:20
Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:10