29 Наурыз, 2015

Ресей дизайнерлері Путин бейнеленген сақина шығарды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-03-15-kolco_putina-1

АСТАНА. 29 наурыз. Ресей дизайнерлері елдің президенті Владимир Путиннің бет пішіні көрініп тұратын күміс сақиналар дайындап шығарды. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде хабарланды. Сақиналардың алғашқы партиясы бірден пышақ үстінен үлестіріліп, екі күннің ішінде сатылып кеткен. Ал оған тапсырыстар қазір тек Ресейдің өз ішінен ғана емес, сонымен қатар АҚШ, Германия, Латвия секілді тағы бірқатар елдерден түсіп жатқан көрінеді. Дизайнерлер сондай-ақ Ресей мемлекеті басшысының портреті салынған білезік, қол сағаты, алқа және автоқалам сияқты бұйымдарды дайындап, шығаруды жоспарлап отыр. Ақша табудың жолын білетін кәсіпкерлер осылайша табыстың тағы бір көзін тауып алған тәрізді. Мұрат Айтқожа.
Соңғы жаңалықтар

Әзірет сұлтан әлемі

Руханият • Бүгін, 08:10

Ізденген жетер мұратқа

Ғылым • Бүгін, 08:05

Стартаптың тың мүмкіндігі

Ғылым • Бүгін, 08:02

Кәсіпкерлер қанаты құрылды

Саясат • Бүгін, 07:55