АСТАНА. 29 наурыз. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаровты ақтық сапарға шығарып салу сәтінде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев марқұмның рухы алдында кешірім сұрайтынын жеткізді. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
Қаралы жиында Бақытжан Сағынтаев: «Осы таяуда өзімнің ойланбай жасаған әрекетім үшін Нұрланның рухы алдында кешірім сұраймын. Нұрлан экология министрлігінен кетіп, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ты басқарып жүрсе де, «ЭКСПО-2017» директорлар кеңесінің төрағасы болатын. Ол Елбасының қабылдауына дайындалып жүрді. Өйткені, Қазақ ұлттық павильонының құрылымына жауапты еді. Біз Премьер-министрдің алдында арнайы роликті тамашаладық», – деді. Алайда, роликті көріп болған соң Сағынтаев бір ескертпесінің бар екендігін айтқан.
«Нұрлан осыған байланысты жобасын қайта өңдеймін дегенше, 10 күн уақыты кетті. Қазір сол айтқан ескертпем үшін қатты өкінемін. Егер айтпағанымда, ол өз идеясымен және дайындаған ролигімен Елбасының қабылдауында болар еді. Мүмкін, жобасы мақұлданып, біз Нұрланның жасаған еңбегін көрер ме едік. Мен бұл роликтің Мемлекет басшысының қарауында болатыны жөнінде Нұрланның рухы алдында уәде етемін. Өйткені, ол өзінің осы жобасына бар ынтасымен кіріскен болатын», – деді Сағынтаев.
Айта кетейік, марқұм Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: nur.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55