16 Мамыр, 2015

Түрікменстан делегациясымен кездесті

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Түрікменстан Меджлисі төрағасының орынбасары Гурбангуль Байрамова бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Аталған ел парламентшілері біздің елімізге Түрікменстанның бейтарап ел атануының 20 жыл­дығына арналған шараларға қа­тысуға шақыру үшін келді. Тараптар екіжақты ынты­мақ­тастықты дамытудың ауқымды мәсе­лелерін талқылап, жанар-жағармай, энергетика, ауыл ша­руа­шылығы, көлік және коммуни­кация салаларына баса көңіл бөлді. Қабиболла Жақыпов Түрік­менстанның Қазақстан үшін Ор­талық Азиядағы бауырлас ел, тату көрші, стратегиялық әріптес еке­нін атап өтті. – Біздің ел басшыларының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан мен Түрікменстан екі­жақты тиімді қарым-қатынастың үлгісін көрсетіп келеді, – деді Қ.Жақыпов. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, «Түрікменстан – Өз­бек­стан – Қазақстан – Қытай» газ құбыры, «Қазақстан – Түрік­мен­стан – Қытай» теміржол құрылысы сынды ірі жобалар аясында ық­пал­дастықтың маңыздылығы өте зор. Кездесу барысында тауар ай­на­лымының өсіміне де көңіл бөлінді. Өткен жылдың қорытындысы бо­йынша тауар айналымының көлемі 475 млн. долларды құраған. Өз кезегінде Гурбангуль Бай­рамова жүзеге асырылып жат­қан жобалар Қазақстан мен Тү­рік­менстан ғана емес, аймақтағы көптеген елдердің дамуына ықпал етіп жатқандығын атап өтті. Одан әрі Г.Байрамова қазақстандық әріп­тестерін өздерінің көппартиялы парламенттерінің қызметінен хабардар етті. Кездесу иелері парламент­аралық байланыстарды нығайту жағ­дайын да назардан тыс қалдыр­мады. Ол заңнамалық салада тәжі­рибе алмасуға жол ашумен қатар, қос мемлекет арасындағы дос­тықтың тереңдей түсуіне мүм­кіндік береді. Меймандар қазақстандық әріп­тестерін осы жылдың желтоқсан айында Ашғабадта өтетін мере­келік шараларға қатысуға ша­қыр­ды.