16 Мамыр, 2015

Дипломатпен дидарласты

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Румыния Сыртқы істер министрлігі Стратегиялық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Даниэль Ионицамен кездесті. И.Адырбеков Румыния Қа­зақстанның Шығыс Еуропа мен Балқандағы негізгі әріп­тесі екенін және біздің еліміз­дің пар­ламенттік ынтымақтас­тық­тағы үнқатысуды тереңдетуге баса назар аударып отырғанын атап өтті. Тараптар кездесуде саяси және экономика салаларындағы екі­жақты қатынастарды дамы­тудың келешегін де талқылады. Д.Ионица екі ел арасындағы сауда-экономикалық, атап айт­қанда, энергетика, машина жасау, металлургия, көлік және логис­тика, сондай-ақ, жеңіл өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны туралы айтты, деп хабарлады Қа­­зақстан Республикасы Пар­ла­менті Сенатының баспасөз қызметі.