АСТАНА. 30 наурыз. Кеше түнде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында 5-турдың соңғы сегіз ойыны өтті. Алты матчта жеңімпаз анықталса, екі кездесу тең аяқталды. Сондай-ақ, барлық ойында алдын ала күтілген нәтижелер тіркеліп, айтарлықтай сенсация болған жоқ. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Сегіз матчтың ішінен Тбилисиде өткен Грузия мен Германия арасындағы ойынды ерекше айтып өткен жөн. Грузиндер әлем чемпиондарына лайықты қарсылық көрсетті. Тіпті Йоахим Лев жаттықтыратын «неміс машинасы» екінші кезеңде қарсыластарының қақпасына гол соға алмады.
Сондай-ақ, Дублиндегі ойын да аса тартысты өтті. Өз алаңында Польшаны қабылдаған Ирландия тек соңғы минутта ғана таразы басын теңестіріп, жеңілістен аман қалды. Румынияға қарсы алаңға шыққан Фарер аралдарының да ойын өрнегіне жанкүйерлер қол соқты. Ендеше кеше өткен ойындардың нәтижелеріне назар аударайық.
Грузия – Германия 0:2 (0:2)
Голдар: Марко Ройс 39, Томас Мюлер 44.
Шотландия – Гибралтар 6:1 (4:1)
Голдар: Шон Малони 18, 34 (екеуі де пенальти), Стивен Флетчер 29, 39, 77, 90 – Ли Кашаро 20.
Солтүстік Ирландия – Финляндия 2:1 (2:0)
Голдар: Кайл Лафферти 33, 38 – Берат Садик 90+1.
Румыния – Фарер аралдары 1:0 (1:0)
Гол: Клаудио Кесеру 21.
Албания – Армения 2:1 (0:1)
Голдар: Мергим Маврай 77, Шкельзен Гаши 81 – Юра Мовсисян 4.
Португалия – Сербия 2:1 (1:0)
Голдар: Рикарду Карвалью 10, Фабиу Коэнтрау 63 – Неманья Матич 61.
Ирландия – Польша 1:1 (0:1)
Голдар: Шейн Лонг 90+1 – Славомир Пешко 26.
Венгрия – Грекия 0:0
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: eurosport.ru.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше