Құжат бойынша Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Есеп комитетінің мүшесі Жансейіт Сәрсенқұлов баяндама жасады.
Республикалық бюджетке 2014 жылда 5 988,5 млрд.теңге, яғни жоспарланғанның 99,4%-ы түскен. Негізгі бөлік немесе түсімдердің жалпы көлемінде 98,7% кірістерге тура келді, ол 5 908,8 млрд. теңгені құрады (жоспардың 99,3%-ы), оның ішінде салықтық түсімдер 3 666,1 млрд. теңге немесе 98,2%, салықтық емес түсімдер – 131,7 млрд.теңге немесе 110,4%, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7,7 млрд.теңге немесе 99,1% және трансферттер 2 103,3 млрд.теңге немесе 100,5% құрады.
Ұлттық қордың активтері 2014 жылы 5 459,6 млрд.теңгеге толықтырылды және 2015 жылғы 1 қаңтарда 16 522,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде инвестициялық кіріс 1 955,0 млрд. теңге сомасында болды. Негізгі үлесті (63,5 %) мұнай секторынан түсетін тікелей салықтар құрады.
2014 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары 99,3% немесе 7 069,7 млрд. теңге сомасында атқарылды. 2013 жылмен салыстырғанда шығыстар 1 079,2 млрд. теңгеге өскен.
Шығыстар саласында бюджет саясатының басымдығы әлеуметтік міндеттемелерді бірінші кезекте қаржыландыру болды. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген зейнетақыларды, әлеуметтік жәрдемақылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақы төлеу уақтылы және толық көлемде жүзеге асырылды.
Әлеуметтік салаға арналған шығыстар 2 680,2 млрд.теңгені құрады. 2014 жылы олардың көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 6,9%-ға жетті, ол тұрақты әлеуметтік климаттың сақталуына ықпал етеді.
Бұл ретте, 2014 жылы білім беруге – 466,3 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 645,3 млрд. теңге, әлеуметтік көмекке – 1 462,3 млрд. теңге, мәдениетке, спортқа, туризм мен ақпараттық кеңістікке 106,3 млрд. теңге жұмсалды.
Әлеуметтік шығыстармен қатар, бюджет шығындарының жоғары деңгейі инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларға, ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты болып отыр. Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына – 316,5 млрд.теңге, отын-энергетика кешені мен жер қойнауын пайдалануға – 95,0 млрд.теңге, ауыл, су, орман, балық шаруашылығына және қоршаған ортаны қорғауға – 233,8 млрд.теңге, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне – 22,3 млрд.теңге, көлік және коммуникацияға 493,6 млрд.теңге жұмсалды.
Республикалық бюджет тапшылығы 1 081,2 млрд.теңгені құрады.
Баяндамашыларға Мәжіліс депутаттары Н.Сабильянов, З.Балиева, Е.Никитинская, Р.Халмұрадов, Ш.Мырзахметов, Г.Исімбаева, С.Романовская және Ә.Бимендина сұрақ қойды. Ал заң жобасы бойынша жұмыс тобаның жетекшісі Құттықожа Ыдырысов отырысты қорытып, алда болатын жұмыс тобы отырысының уақытын хабарлады.