18 Шілде, 2010

ҚАЗАҚ ТІЛДІ ЖАҢА САЙТ

678 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Соңғы бір-екі жылдың ішінде интернетте қазақ тілінде мәліметтер толысып, көбейіп келеді. Бұл жайтты бірінші кезекте, қазақ тілділер үшін интернетке шығу мүмкіндігінің кеңейгендігімен байланыстырамыз.Биылғы шілде айынан Павлодар өңірінде қазақ тілді жаңа сайт ашылып, жұмыс істей бастады. Ол Павлодар облыстық “Сарыарқа самалы” газетінің электронды нұсқасы. Бұл – облыстағы оқиғалар жайлы тың жаңалықтар мен жедел ақпараттарға ашылған жаңа мүмкіндік. Сайт қазақ тілді интернет пайдаланушылардың қызығушылығын тудырары анық. Оның бетінен оқырман өзіне қажетті мағлұ­маттарды таба алады. Әсіресе, “Айналайын” бала­лар қосымшасы, “Жас tіmes” жастар қосымшасы, “Әдебиет әлемі”, “Қала тынысы”, “Көмірлі, көрікті Екібастұз!”, “Тұлға” бөлімдері мен “Тоғызқұмалақ” арнайы сырттан оқыту мектебі көпшілікті бей-жай қалдырмайтыны анық. Оқырман тарапынан ой-пікірлер туындап жатса, “Хат-қоржын” бөліміне кіріп, тіркеліп, жазып қалдыруға болады екен. “Сарыарқа самалының” сайты қазіргі күні шет мемлекеттерде өмір сүріп жатқан, уақытша қоныс­тан­ған қандастарымыз үшін де мүмкіндік көзі дер едік. Олардың отандарында болып жатқан соңғы жаңалықтарды аталмыш сайт арқылы уақытылы оқып отыруына болады. Сайт жаңалықтары аптасына үш мәрте жаңартылып тұрады. “Сарыарқа самалын” интернет бетіндегі saryarka-samaly.kz адресі бойынша таба аласыз. “Егемен-ақпарат”.