АТЫРАУ. 30 наурыз. Атырау облысының жұртшылығы «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс» республикалық эстафетасының символы «Тайқазанды» қошеметпен қарсы алып, көршілес Батыс Қазақстан облысының делегациясына табыстады. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, «Тайқазан» бірнеше күн бойы жаңа игі істерге толықты. Облыста 60-қа жуық қайырымдылық шарасы өтіп, шамамен 7 миллион теңге қаражат жиналды. Сөйтіп, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қаза тапқандардың отбасыларына, аз қамтылған және көп балалы жанұяларға әлеуметтік көмек берілді.
Аталған шара сенбіде Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде «Шексіз талант» қайырымдылық концертімен жалғасын тапты. Оған өңірдегі этномәдени бірлестіктердің мүшелері, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі болса да өнерді жанына серік еткен жандар белсене атсалысты. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мұнайшылар атынан сый-сияпат көрсетілді.
«Тайқазан» Қазақстандағы татулық пен бірліктің, ынтымақ пен берекелі тірліктің насихатшысына айналды» деді облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше