Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
А-1 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда не олардың құрылымдық бөлімшелерінде басшылық немесе олардың орынбасарлары лауазымдарында немесе А-3 және В-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда (бұдан әрі – мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда) бір жылдан кем емес; жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежелер (бұдан әрі – ғылыми дәреже) болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
А-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10080 тіркелген).
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max min max
А-1 242158 326722 А-3 183861 247924
I. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, «Ақорда» резиденциясы, анықтама телефоны: 8(7172)74-42-48, факс: 8(7172)74-42-72, электронды мекенжай: shakenova_am@akorda.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Құқық қорғау жүйесі бөлімінің инспекторы, А-1 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: құқық қорғау органдарының қызметі және кадр жұмысының жағдайы бойынша мониторинг жүргізу және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға тексеріс жүргізу, құқық қорғау саласында заң жобалары және өзге нормативтік-құқықтық актілер бойынша сараптамалық қорытындыларын дайындау, құқық қорғау органдарымен мәжілістер өткізу үшін материалдар дайындау, сондай-ақ жетекшілік ететін органның Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындауын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білімі; қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, жедел іздестіру, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық-атқарушы, кедендік және әкімшілік заңнамалардың және құқықтану саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын білу; мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білуі және мемлекеттік органдарда немесе құзыреттілік мәселелеріне жақын салаларда жұмыс тәжірибесінің болуы. Ұйымдастырушылық дағдыларының болуы. Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі, талдамалық жұмыс дағдыларының болуы.
2. Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің инспекторы, А-1 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: жетекшілік ететін салада мониторинг және ахуалға шолу жасауды іске асыру, талдау материалын және елдегі макроэкономикалық және әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына ақпараттық шолу дайындау. Саладағы реформалар бойынша ұсыныстар әзірлеуге және дайындауға қатысу, нормативтік-құқықтық құжаттар жобасына сараптама жүргізу, стратегиялық, бағдарламалық құжаттар жобасын, жетекшілік ететін сала бойынша мемлекеттік органдар ұсыныстарын қарастыру және оларға қорытынды әзірлеу. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатты іске асыруына, Президенттің және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмаларының орындалуын, оның ішінде, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауға қатысу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі (мүмкіндігінше экономикалық, техникалық немесе мемлекеттік басқару саласында); Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін және құрылымын білуі; мемлекеттік тілді және мүмкіндігінше шетел тілдерін білгені жөн; әлеуметтік-экономикалық саладағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемаларды шешудің халықаралық тәжірибесін, экономика жүйелеріндегі жоспарлау әдістерін білуі; талдау саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы.
3. Ішкі саясат бөлімінің инспекторы, А-1 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: БАҚ саласындағы жедел оқиғаларға талдау жасау. БАҚ нарығына (бір тарапта БАҚ болатын шиеленістердің себептерін зерттеу, оқиғаны құқықты қолдана отырып саралау және т.б.) оқиғалық талдауды жүзеге асыру. Мемлекеттік ақпараттық саясаттың басым бағыттары бойынша тақырыптық мониторинг жүргізу, дайджесттер дайындау. Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, Президент Әкімшілігінің қызметін көрсету бойынша БАҚ-пен өзара байланысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізуді іске асыру; бұқаралық ақпарат құралдары нарығына мониторинг жүргізу және сараптау. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысты жүзеге асыру. Арнайы тақырыптық медиа-жоспарларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі (мүмкіндігінше гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар бағыттары бойынша (тарих, журналистика, әлеуметтану, саясаттану) немесе бизнес саласында); мемлекеттік тілді білуі; мүмкіндігінше шет тілін білгені жөн; Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі мен құрылымын білуі. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңды және БАҚ саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілерді білуі. Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білуі. БАҚ саласында жұмыс тәжірбиесінің болуы, ақпаратты қалыптастыру және талдай білуі. БАҚ-пен және қоғамдық құрылымдармен, сондай-ақ медиа-жоспарлауда жұмыс тәжірибесінің болуы. БАҚ саласындағы іс-шараларды (баспасөз-конференциясы, брифингтер, конференция, дөңгелек үстел және т.б.) өткізуде ұйымдастырушылық шеберлігінің болуы. Мүмкіндігінше БАҚ саласында ғылыми дәрежесінің болуы.
4. Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің сарапшысы, А-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: іс жүргізу, келіп түскен хаттарды қабылдау және тіркеу, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшыларының тапсырмаларын жіберу. Құжат айналымын бақылауды жүзеге асыру. Тапсырмалардың орындалу мерзімдерін бақылау. Ағымдағы мұрағатты түзу және мұрағаттық істерді уақытымен мұрағатқа сақтауға өткізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім; «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңды білуі; құжаттарды тіркеу, жіберу және орындалуын бақылау, мұрағат құжаттарын жүргізу, іс жүргізуді автоматтандыруда бағдарламалық әдістерді қолдану дағдыларының болуы.
5. Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы, А-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің қызметі туралы ақпараттық материалдардың қазақ және орыс тіліндегі жобаларын әзірлеуге қатысу; медиа-дайджестер дайындау; имидждік жұмысты ұйымдастыру; медиа-жобаларды, баспасөз мәслихаттарын, брифингтерді ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету; БАҚ-та ақпараттық шаралар өткізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі; Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, БАҚ саласындағы қарым-қатынасты реттейтін өзекті саяси құжаттарды білуі. Жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмыс қағидаттарын, ішкі және сыртқы саясат негіздерін білу; БАҚ-пен жұмыс жүргізу дағдыларының болуы. Мемлекеттік және/немесе ресми тілді меңгерген болуы. Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білу; БАҚ-тағы, баспасөз қызметтеріндегі, жұртшылықпен байланыс жөніндегі ұйымдардағы, ақпараттық-талдамалық және ғылыми мекемелердегі жұмыс тәжірибесі болуы; журналистік, әдеби шығармашылық дағдыларының болуы; саяси технологиялар, БАҚ-қа мониторинг жасау әдістерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалды көшiрмесi).
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшада көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және
4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электронды почта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электронды почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Мемлекеттiк органның басшысының (жауапты хатшысының) келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:
А-1, А-3 cанаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.anticorruption.gov.kz