Сарыкөл ауданының орталығындағы стадионда аудандық спартакиада өтіп жатқан болатын. Негізі бұл спорт бәсекесі аудандар үшін жыл бойы күтетін жаздың негізгі мерекесінің бірі.
Сарыкөлдіктер де түс әлетінде спорттық жарыстарды қыздырып, мереке қызығын алаңсыз тамашалап жатқан. Күн ыстық, аспан шайдай ашық, тынық. Бір кезде алыстан шаң көрінгендей болды, оны стадионда спорттық жарыстар қызығына түскен жұрттың көбі байқай да қойған жоқ. Әлгі шаң стадионмен қатар орналасқан саябақтың қасына келгенде стадиондағылар шаңның тым аспандап, қоюланып кеткенін байқады. Бірақ не болғанын өздері де түсіне алмай қалды. Жұрт таңырқап қарап үлгермей-ақ, стадионда аламан-тасыр басталды да кетті. Киіз үйдің туырлығын жұлып тастады. Сусын, түрлі тағам сатылатын екі сауда шатырының пластиктен жасалған терезе, шатырлары қирап, сынықтары аспанға ұшты. Тоңазытқыштарды аспанға көтеріп, біраз жерге апарып тастаған. Шатыр ішіндегі сатылатын тағамдардың түр-түрін, тіпті пісіріліп жатқан кәуаптарды, сатушылардың саудадан түскен ақшаларын, басқа заттардың барлығын жұрт аспаннан көрді.
Сарыкөлдік әріптестеріміздің айтуынша, осының барлығы санаулы минуттарда ғана болып, қара құйын жыландай жалмап жүре берген. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер де аз емес. Екі жасар баланы құйын анасының қолынан жұлып алып, ұшырып әкеткен. Тез арада жеткен «жедел жәрдем» дәрігерлері баланы ауруханаға апарып, үш күн емдеді. Аудандық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, бала ішінен жарақат алған, бүйрегі ауырып қалған. Бірақ жағдайы қалыпты, өміріне қауіп жоқ. Сонымен қатар, ауруханаға жамбас сүйегі жарақаттанған, ұшқан заттар тиіп, жарақат алған, денесін жырып кеткен кісілер де болды. Түрлі деңгейде зардап шеккен 12 адам ауруханаға көрінген. Дәрігерлер стадионда адамдарға көмек көрсеткен.
Сарыкөл ауданы орман-тоғайы мол өңір. Табиғаттың мұндай тосын мінезін бұрын көрмеген сарыкөлдіктер үшін алапат құйын көрген түстей болды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
Қостанай облысы,
Сарыкөл ауданы.

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11