АҚТӨБЕ. 30 наурыз. Ақтөбеде «102» телефонына белгісіз біреулер қоңырау шалып: «Мега» ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылды», – деп хабарлады. Абырой болғанда, ақпар жалған болып шықты. Жалған хабар таратқан адамды тәртіп сақшылары бір сағатта құрықтады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
29 наурыз күні түнгі мезгілде жедел басқару орталығының «102» телефонына белгісіз біреу хабарласып, «Мега-Ақтөбе» ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған. Осы хабарды алғаннан кейін оқиға орнына тез арада ішкі істер департаментінің жедел тергеу тобы, «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің саперлары, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері және төтенше жағдайлар департаментінің кезекші жасағы жіберілді.
Арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдары келгенше ойын-сауық орталығындағы барлық адам кауіпсіз жерге шығарылды. Осыдан кейін «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің саперлары қызметтік-іздестіру иттерін және қажетті құралдарды қолдану арқылы ғимараттың ішін және оған жақын аумақтарға тексеру жүргізіп, ешқандай жарылғыш затты таппады.
Жедел басқару орталығы мен жедел қызметтердің бірлескен әрекеттерінің арқасында сол түні осы қылмысты жасады деген күдікпен 29 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Тергеу барысында күдікті жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпаратты бұзақылық ниетпен хабарлағанын мойындады. Қазір ойын-сауық орталығына және мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталуда. Бүгінде күдікті уақытша ұстау қамағына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясында 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұл жыл басынан бері жарылғыш зат қойылғандығы туралы екінші дерек. Өткен жылы мұндай жағдай 4 мәрте қайталанса, 2013 жылы облыс бойынша 13 дерек тіркелген.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: remarka.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55