30 Маусым, 2015

Алматыдағы көпір құрылысының құлау себебі жария етілді

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-06-2015-Kopir Almaty 1АЛМАТЫ. 30 маусым. Саин мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы салынып жатқан көпірдің құлау себебі жария етілді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Қала әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев апаттың Ресейде жасалған бетон құятын қалыптың сапасыздығынан болғанын мәлім етті. Қателік жіберген қосалқы мердігер жол айрығындағы көпір жобасынын шығарылды. Құрылыстың негізгі иесі «Базис» компаниясы апатқа байланысты барлық шағымды сотқа тапсырды. Екі үлкен көшенің қиылысындағы автомобильдерге арналған көпірдің құрылысы 2016 жылы – бастапқы белгіленген мерзімінде пайдалануға беріледі. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: tengrinews.kz. 30-06-2015-Kopir Almaty