30 Маусым, 2015

Алакөл бағытын бетке алып туризм пойызы жолға шықты

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-06-2015-Poyz AlmatyАлматы. 30 маусым. «Алматы-2» теміржол бекетінен «Алматы-Жетіген-Достық» бағыты бойынша жаңа туризм пойызы жолға шықты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Облыс әкімдігі баспасөз орталығының таратқан мәліметіне қарағанда, жаңа темір жол бағыты Алакөл көлінің жағалауына демалысқа баратындарға арналып отыр. Бұл жобаны облыс әкімдігі субцидияландырды. Қосымша темір жол бағытын ашу – 63 миллион теңгені құрады. Осылайша, «Жер жанаты – Жетісуда» туризмді дамыту жолында тағы бір қадам жасалды. Жолаушылар пойызында 6 вагон бар, аптасына үш рет жолға шығады. Билеттің құны – 4 мың мен 8 мың теңгенің арасы. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар