30 Наурыз, 2015

Алматыда кеше басталған қар бүгін кешке дейін жауды

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-03-2015-almaty kar 01АСТАНА. 30 наурыз. Бүгін Алматыда жауған қардың қалыңдығы 15-см-ге дейін жетті. Ал «Шымбұлақ» демалыс орны аймағында 30 см-ге дейін қар түскен. Бұл туралы Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Табиғаттың бұл тосын сыйымен Алматы қалалық коммуналдық қызметі күні бойы арпалысты. Кеше кеште басталған тазалық жұмыстарына барлығы 465 техника бірлігі мен 810 жұмысшы тартылған. Нәтижесінде, қала көшелеріне 2202 тонна тұз аралас құм мен 36 тонна таза тұз себілді. Сондай-ақ, 1600 текше метр қар қала сыртына шығарылды. Басқарма өкілдері бұл тазалық жұмыстарына жол-патрульдік полициясы көмек көрсеткенін айтты. Тағы бір айта кетер жайт, ауа райының қолайсыздығынан Алматы халықаралық әуежайында бірнеше ұшақтың ұшу және қону мерзімдері кейінге шегерілді. Олардың ішінде Дубай, Бангкок, Сеул сынды шет ел қалаларына ұшатын ұшақтар да бар. Одан бөлек, Киев, Париж, Батуми, Шаржа, Дубай, Абу-Даби және Бангкок қалаларынан ұшып келетін ұшақтар да Алматы әуежайына кешігіп келуге мәжбүр болды. Бұлардың қатарында ішкі әуе рейстерінің де бар екені белгілі. Кейбір ұшақтардың кешігу уақыттары 12 сағатқа дейін созылады. Еламан Қоңыр. Дерек: Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі. Сурет: dknews.kz.