АСТАНА. 30 маусым. Ұлыбританияда теннистен «Үлкен Дулыға» санатындағы Уимблдон турнирі басталды. Бұл сында еліміздің намысын бес теннисшіміз қорғайды. Ерлер арасындағы бәсекеде Михаил Кукушкин мен Александр Недовесов, ал әйелдер сайысында Зарина Диас, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарыс жолын шығады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Турнир барысында Зарина алғашқы ойынын Италия теннисшісі Флавия Пеннеттаға қарсы өткізді. Жарыстың 24-ракеткасы ретінде сынға түсіп жатқан италиян біздің қызға айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Үш сетке созылған ойында отандасымыз 2:1 (6:4, 2:6, 6:3) есебімен жеңіске жетті. Заринаның келесі айналымдағы қарсыласы – белорус Александра Соснович. Ол өз кезегінде Қытай теннисшісі Чжу Линьнен үш сетте 2:1 есебімен басым түсті.
Сонымен қатар, жарыстың екінші айналымына Юлия Путинцева да жолдама алды. Ол бірінші кездесуінде Жаңа Зеландия өкілі Марина Эраковичті 2:0 (7:6, 7:5) есебімен жеңді. Юлияның келесі қарсыласы атақты Винус Уильямс екенін айта кетейік.
Бүгін Ярослава Шведова хорват қызы Лучич-Барониге қарсы алғашқы ойынын өткізеді. Бұл ойын Астана уақытымен сағат 16:30-ға жоспарланған. Сондай-ақ, Михаил мен Александр да бүгін кортқа шығады. Кукушкин сағат 21:30-да ұлыбританиялық Энди Маррейге қарсы ойнаса, Недовесов серб теннишісі В.Троицкимен күш сынасады (18:30).
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: instagram.com.
• 30 Маусым, 2015
Теннис. Уимблдон турнирі. Зарина Диас екінші айналымға шықты

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11