30 Наурыз, 2015

Маңғыстауда шаңды дауыл толастар емес (фото)

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-03-2015 aktau 04АҚТАУ. 30 наурыз. Маңғыстауда 28 наурыз күні  кешкісін басталған шаңды дауыл әлі толастаған жоқ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Өңірде күн күрт суытты. Қатты жел тұрып, облыстың кейбір аумақтарында аяздан су қатуда. Ал Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандары мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларында өте қатты екпінмен соққан жел мен шаңды дауыл бет қаратпай тұр. Секундына 25 метрлік жылдамдықпен ұйытқыған қатты жел және жолды көрсетпей бораған шаң салдарынан Мұнайлы ауданында екі жеңіл көлік соқтығысты. Одан бөлек, Жетібай-Ақтау тасжолында вахталық жұмысшыларды тиеген автобус аударылды. Бірақ, адам шығыны орын алған жоқ. Қатты жел Қарақия ауданының Құрық ауылындағы орта мектептің шатырын қиратып кетті. Қазір облыста жол қауіпсіздігін сақтау шаралары қолға алынған. «Үш күнге созылған шаңды дауылдың соңы қар аралас жаңбырға ұласады» дейді метерология мамандары. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: Талант Құсайын. 30-03-2015 aktau 01 30-03-2015 aktau 03 30-03-2015 aktau 05