18 Шілде, 2010

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы 223

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік     кіріс     министрінің 2002 жылғы  31 қаңтардағы   № 109 «Радиожиілік  ресурсын  (спектрін) пайдалану үшін ақы төлеу жөніндегі Есеп нысандарын бекіту туралы» бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы»      1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1.     Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 109 «Радиожиілік ресурсын (спектрін) пайдалану үшін ақы төлеу жөніндегі Есеп нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 26 ақпанда № 1774 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 2.     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е.Ерғожин) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3.     Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр Б. Жәмішев.