30 Маусым, 2015

Петропавлда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті (фото)

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29.06.2015 SKO-9ПЕТРОПАВЛ. 30 маусым. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы–этноконфессиональдық келісімді дамыту мен нығайтудың бірегей үлгісі» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылып, оған елімізбен қатар шетелдерден 70-ке жуық ғалымдар, тарихшылар, саясаттанушылар қатысты. Бұл туралы облыстық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің мамандары хабарлады. 29.06.2015 SKO-12Күн тәртібіне «Елімізде және әлемде конфессияаралық үнқату мен  этникааралық  қарым-қатынас  үйлесімділігін дамытудағы  ҚР Президентінің рөлі», «Қазақстандағы  мемлекеттік этносаясат және әлемдік тәжірибе», «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы: қызметінің мазмұны мен пішіні», «Мәңгілік Ел» идеясы: Қазақстан халқы Ассмблеясының қызметі арқылы үйлестіру», «Қазақстан халқы мәдениетінің үнқатуы: қайнарлар, дәстүрлер, қазіргі заман» тағы басқа мәселелелер ұсынылып, талқылауға  ғылыми-зерттеу институттарының, университеттердің, ғылыми-сараптама ұйымдарының белді өкілдері қатысты. 29.06.2015 SKO-15Жиналғандардың назары экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тосқауыл қою секілді өткір жайттарға да аударылып, нақты ой-пікірлер ортаға салынды. Өзекті мәселелер бойынша   Қорған үкіметінің ұлт және дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Евгений Чердаковтың үні ширақ шықты. Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты саясатын толық қолдай келіп, адамдарды ынтымаққа, ауызбірлікке топтастырудағы мұндай алқалы басқосулардың маңыздылығын атап өтсе, қарағандылық профессор Яков Трофимов ортақ мәмілеге келудің тиімді жолдарын ұсынды. Облыстық Ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Наиль Салимов конфереция қарсаңында мақалалар жинағы шығарылғанын, оған 200-ге жуық  туындылар енгенін жеткізді. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі.