18 Шілде, 2010

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы 311

599 рет
көрсетілді
29 мин
оқу үшін
30.06.2010 ж. Астана қ. «Салық есептiлiгі нысандарын және оларды жасау Ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы  24 желтоқсандағы  № 574 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бірыңғай кедендік аумақты құруға және кеден одағын қалыптастыруға  байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Салық есептiлiгі нысандарын және оларды жасау Ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5997 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2010 жылғы 2 наурызында № 31 (1827) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық есептілігін жасау ережелерінің 100.00, 101.01, 101.02, 101.03, 101.04, 110.00, 120.00, 121.00, 130.00, 140.00, 150.00, 200.00, 210.00, 220.00, 230.00, 240.00, 300.00, 400.00, 421.00, 431.00, 500.00, 510.00, 520.00, 530.00, 540.00, 550.00, 560.00, 570.00, 580.00, 590.00, 641.00, 651.00, 700.00, 701.00, 701.01, 710.00, 720.00, 810.00, 851.00, 860.00, 870.00, 881.00, 910.00, 911.00, 920.00 нысандарының, 1.1-1.7, 2.1-2.5, 3.1-3.4, 4.1-4.3 нысандарының мониторингі жөніндегі мәтіні бойынша: «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесінде (220.00 нысан): 51-тармақта: мәтін бойынша «тұрақты мекемеге», «тұрақты мекеме», «тұрақты мекеменің» деген сөздер «тұрақты базаға (мекемеге)», «тұрақты база (мекеме)», «тұрақты базаның (мекеменің)» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) тармақшада «Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша» деген сөздер «Салық кодексінің 158-бабында белгіленген ставканы қолдана отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) тармақшаның екінші, үшінші, төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «220.10 нысанының А-дан бастап І-ді қоса алғандағы бағандары Салық кодексінің 224-бабына сәйкес толтырылады. 220.10 нысанының А-дан бастап F-ті қоса алғандағы, J-дан бастап М-ді қоса алғандағы бағандары Салық кодексінің 221-бабына сәйкес толтырылады. 220.10 нысанының А-дан бастап F-ті қоса алғандағы, J-дан бастап R- ді қоса алғандағы бағандары Салық кодексінің 223-бабына сәйкес толтырылады. 220.10 нысаны І бағанының қорытынды мәні 220.00.081 І жолына көшіріледі. 220.10 нысаны R бағанының қорытынды мәні 220.00.090 жолына көшіріледі.»; Жеке табыс салығы бойынша декларацияның 10-қосымшасы (220.10 нысаны) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жазылсын; 3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесінде (300.00 нысан): 1–тармақта «49» деген саннан кейін «, 49-1» деген сандармен толықтырылсын; 2–тармақта «300.08» деген сандар «300.10» деген сандармен ауыстырылсын; 15–тармақта: 14) тармақшада «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 12.06.2001 жылғы Кодексінің (Салық кодексі) 249-бабына сәйкес» деген сөздер «Қолданысқа енгізу туралы Заңның 49-бабының 27-50 абзацтарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын»; 17) тармақшада «300.01.004» деген сандар «300.01.005» деген сандармен ауыстырылсын; 20) тармақшада «236-бабына» деген сөздер «236-237-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 27) тармақшада: «49-бабы» деген сөздер «және 49-1-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын; «;» тыныс белгісі «.» тыныс белгісіне ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Қолданысқа енгізу туралы Заңның 49-1 бабына сәйкес қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызу әдісімен төленген, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тиісті салық кезеңінде импортталған тауарлар бойынша 300.00.012  жолында импортталған тауарлар бойынша тиісті салық кезеңдерінде ұсынылған жанама салықтар бойынша декларацияның 320.00.006 В жолындағы сомадан ескеріледі;»; 16-тармақта: 7) тармақшада «236-бабына» деген сөздер «236 және 276-5-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) тармақшада: «247-бабына» деген сөздерден кейін «және 276-4-бабының 3-тармағына» деген сөздермен толықтырылсын; «декларацияларындағы» деген сөз «мен Импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі бойынша декларацияда (320.00 нысан)» деген сөздермен толықтырылсын; «және 300.00.017II А» деген сөздер «, 300.00.017II А және 300.00.017III А» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) тармақшада «Ресей Федерациясында» деген сөздер «кеден одағының мүшесі болып табылмайтын мемлекетте» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) тармақшада «Беларусь Республикасында» деген сөздер «Ресей Федерациясында» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) 300.00.017 III А жолында Беларусь Республикасынан әкелінген тауарлар бойынша салық салынатын импорт мөлшері көрсетіледі;»; 13) тармақшада: «декларациясына» деген сөзден кейін «және Импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі бойынша декларацияға (320.00 нысан)» деген сөздермен толықтырылсын; «және 300.00.017 II В» деген сөздер «, 300.00.017 II В және 300.00.017 III В» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) 300.00.017 I В жолында кеден одағының мүшесі болып табылмайтын мемлекеттен әкелінген тауарлар бойынша кедендік декларациялау кезінде төленген, импортқа қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;»; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) 300.00.017 II В жолында Ресей Федерациясынан әкелінген тауарлар бойынша төленген және әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш пен  импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі бойынша декларацияда көрсетілген импортқа қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;»; мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшасымен толықтырылсын: «15-1) 300.00.017 III В жолында Беларусь Республикасынан әкелінген тауарлар бойынша төленген және әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш пен  импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі бойынша декларацияда көрсетілген импортқа қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;»; 16) тармақшада: «255-бабына» деген сөздерден кейін «, 2-тармақтың 2) тармақшасына және 276-15 бабының 3-тармағына» деген сөздермен толықтырылсын; «300.02.004» деген сандар «300.02.010» деген сандармен ауыстырылсын; 17) тармақшада: «41» деген сандар «46» деген сандармен ауыстырылсын; «декларациясының» деген сөзден кейін «және (немесе) Тауарларды әкелу және кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу туралы өтінішінің» деген сөздермен толықтырылсын; 18) тармақшада «45» деген сан «50» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын: «19-1) 300.00.021 В жолында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарына сәйкес тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;»; 28) тармақшада «толтырылмайды» деген сөз «толтырылады» деген сөзбен ауыстырылсын; 29) тармақшада: «49-бабының 41-абзацына» деген сөздер «49-бабының 71-абзацына және 49-1 бабына» деген сөздермен ауыстырылсын; «;» тыныс белгісі «.» тыныс белгісіне ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Қолданысқа енгізу туралы Заңның 49-1 бабына сәйкес қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызу әдісімен төленген, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тиісті салық кезеңінде импортталған тауарлар бойынша 300.00.028 А жолында импортталған тауарлар бойынша тиісті салық кезеңдерінде ұсынылған жанама салықтар бойынша декларацияның 320.00.006 А жолындағы сомадан ескеріледі;»; 30) тармақшада: «49-бабының 41-абзацына» деген сөздер «49-бабының 71-абзацына және 49-1 бабына» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Қолданысқа енгізу туралы Заңның 49-1 бабына сәйкес қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызу әдісімен төленген, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тиісті салық кезеңінде импортталған тауарлар бойынша 300.00.028 В жолында импортталған тауарлар бойынша тиісті салық кезеңдерінде ұсынылған жанама салық жөніндегі бойынша декларацияның 320.00.006 В жолындағы сомадан ескеріледі.»; 17-тармақта: 12) тармақшада «300.01.008» деген сандар «300.01.010» деген сандармен ауыстырылсын; 18-тармақта: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) 300.00.034 А жолындағы торкөз Салық кодексінің 274-бабына сәйкес қайтарудың жеңілдетілген тәртібін қолданатын салық төлеуші қосылған құн салығының артығын қайтаруды алдын ала салықтық тексеруді жүргізбей-ақ жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда толтырылады;»; 21-тармақта: «31-тарауына» деген сөздер «31 және 37-1-тарауларына» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшада «және 300.01.001 II» деген сөздер «, 300.01.001 II және 300.01.001 III» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшада «Ресей Федерациясына» деген сөздер «кеден одағының мүшесі болып табылмайтын мемлекетте» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшада «Беларусь Республикасына» деген сөздер «Ресей Федерациясында» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) 300.01.007 III жолында Беларусь Республикасына экспортқа арналған тауарларды сату бойынша айналым көрсетіледі;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) 300.01.004 жолында, Салық кодексінің 276-13 бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары мен алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімдері сақталған кезде нөлдік ставка бойынша салық салынатын, кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды сату бойынша айналымдар көрсетіледі;»; мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) 300.01.005 жолында 300.01.001 жолдан бастап 300.01.004 дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын, сату бойынша, нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын қорытынды айналым көрсетіледі.»; 22-тармақта: 1) тармақшада «300.01.005»  деген сандар «300.01.006»  деген сандармен ауыстырылсын; 2) тармақшада «300.01.006»  деген сандар «300.01.007»  деген сандармен ауыстырылсын; 3) тармақшада «300.01.007»  деген сандар «300.01.008»  деген сандармен ауыстырылсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) 300.01.009  жолында Салық кодексінің 276-13 бабы 1-тармағына сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын, кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды сату бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығының есепке жатқызылған сомасы көрсетіледі;»; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) 300.01.010 жолында нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығының есепке жатқызылған қорытындысы сомасы көрсетіледі. Осы жол 300.01.006 жолдан бастап 300.01.009 дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады.»; жетінші абзацта «300.01.004» деген сандар «300.01.005» деген сандармен ауыстырылсын; сегізінші абзацта «300.01.008» деген сандар «300.01.010» деген сандармен ауыстырылсын; 23-тармақтың бірінші абзацында «нысан» деген сөзден кейін «Салық кодексінің 33-тарауына және 276-15 бабының 1-тармағына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; 24-тармақта: 2) тармақшада «кеден режимінде» деген сөздер «кедендік рәсімімен» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11) 300.02.001 X жолында Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген өлшемдерге сәйкес, бос қойма кедендік рәсімінің бос қойма аумағында өндірілген  және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне сатылатын тауарларды сату айналымының сомасы көрсетіледі;»; 16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «16) 300.02.003 жолында Салық кодексі 276-15-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін алмастыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтерді сату бойынша айналымдар көрсетіледі;»; мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын: «17) 300.02.004 жолында Салық кодексі 276-15-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлардан өндірілген тауарларды сату бойынша айналымдар көрсетіледі;»; мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын: «18) 300.02.005 жолында Қазақстан Республикасының лизинг алушы–салық төлеушісі лизинг шарты бойынша кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне төлейтін сыйақысы бойынша айналымдар көрсетіледі;»; мынадай мазмұндағы 19) тармақшасымен толықтырылсын: «19) 300.02.005 жолында, 300.02.001 жолдан бастап 300.02.005 дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын, қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату бойынша айналымдардың қорытынды сомасы көрсетіледі;»; 25-тармақта: 1) тармақшада: «300.02.004» деген сандар «300.02.007» деген сандармен ауыстырылсын; «жолында» деген сөзден кейін «Салық кодексінің 255-бабына және 276-15-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; «300.02.004 I, 300.02.004 II, 300.02.004 III, 300.02.004 IV, 300.02.004 V» деген сандар «300.02.007 I, 300.02.007 II, 300.02.007 III, 300.02.007 IV, 300.02.007 V» деген сандармен сәйкес ауыстырылсын; 2) тармақшада «300.02.004 I» деген сандар «300.02.007 I» деген сандармен ауыстырылсын; 3) тармақшада «300.02.004 II» деген сандар «300.02.007 II» деген сандармен ауыстырылсын; 4) тармақшада «300.02.004 III» деген сандар «300.02.007 III» деген сандармен ауыстырылсын; 4) тармақшада «300.02.004 IV» деген сандар «300.02.007 IV» деген сандармен ауыстырылсын; 6) тармақша мына редакцияда жазылсын: «6) 300.02.007 V жолында Салық кодексінің 255-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған басқа да импорт көрсетіледі;»; мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) 300.02.008 жолында қызметін 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметімен  жасалған концессиялық келісімшарттың шеңберінде жүзеге асыратын заңды тұлға, оның мердігерлері әкелген тауарлардың импорты көрсетіледі;»; мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) 300.02.009 жолында кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан қайта өңдеу үшін тағайындалған тауарларды, сондай–ақ Салық кодексінің 276-15-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар олардың көмегімен жүзеге асырылатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу көрсетіледі;»; мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) 300.02.010 жолында Салық кодексінің 276-15-бабының 3-тармағына сәйкес тізбеде көзделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу көрсетіледі.»; сегізінші абзацта «300.02.003» деген сандар «300.02.006» деген сандармен ауыстырылсын; тоғызыншы абзацта «300.02.004» деген сандар «300.02.010» деген сандармен ауыстырылсын; 26-тармақта «45» деген сандар «50» деген сандармен ауыстырылсын; 27-тармақта: 3) тармақшадағы: «көрсетіледі;» деген тыныс белгісі «көрсетіледі.» деген тыныс белгісіне ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы ұсыныспен толықтырылсын: «Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан тауарлар импорты кезінде осы бағанда салық төлеуші беретін Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірі және күні көрсетіледі;»; 4) тармақшада: «көрсетіледі;» деген сөз «көрсетіледі.» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы ұсыныспен толықтырылсын: «Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан тауарлар импорты кезінде осы бағанда Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке сәйкес қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;»; 5) тармақшада: «көрсетіледі;» деген сөз «көрсетіледі.» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы ұсыныспен толықтырылсын: «Кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталған тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту Салық кодексінің 276-2-бабының 2-тармағына сәйкес осындай тауарларды есепке алған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.»; 6) тармақшада «42» деген сандар «47» деген сандармен ауыстырылсын; 7) тармақшада: «42» деген сандар «47» деген сандармен ауыстырылсын; «C» деген әріптен кейін «және (немесе) Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; 11) тармақша «C» деген әріптен кейін «және (немесе) Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; 28-тармақта: бірінше абзацта «тауарлар» сөз «тауарлардың (оның ішінде кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан)» деген сөздермен ауыстырылсын; «66» деген сандар «71» деген сандармен ауыстырылсын; «49» деген сандардан кейін «және 49-1-бабымен» деген сөздермен және сандармен толықтырылсын; 36-тармақта: екінші деген ұсыныс алынып тасталсын; «толтыруға міндетті болып табылады» деген сөздер «міндетті түрде ұсынуға және толтыруға жатады» деген сөздермен ауыстырылсын; 39-тармақтың 10) тармақшасы үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Салық кодексінің 235-бабының 1-тармағына сәйкес бірлескен қызмет туралы шарттың шеңберінде жазылған шот-фактура бойынша осы бағанда бірлескен қызмет туралы шарттың осы қатысушысына келетін қосылған құн салығының есептелген сомасы көрсетіледі»; 42-тармақта: екінші деген ұсыныс алынып тасталсын; «толтыруға міндетті болып табылады» деген сөздер «міндетті түрде ұсынуға және толтыруға жатады» деген сөздермен ауыстырылсын; 43-тармақта: 2) тармақшаның екінші абзацында «У» деген әріп «С» деген әріппен ауыстырылсын; 10) тармақша үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Бірлескен қызмет туралы шарттың  қатысушысы (қатысушылары) осындай қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын болса, Салық кодексінің 235-бабының 3-тармағына сәйкес жазылған шот-фактура бойынша бұл бағанда қосылған құн салығының, бірлескен қызмет туралы шарттың осы қатысушысы есепке жатқызуға тиіс сомасы көрсетіледі.»; мынадай мазмұндағы 11 және 12 бөлімдермен толықтырылсын: «11. 300.09 – Салық кезеңі ішінде Ресей Федерациясына сатылған тауарлар және (немесе) алыс–беріс шикізатты өндіру жөніндегі орындалған жұмыстар бойынша шот-фактуралардың тізілімі – нысанының жасалуы 45. Осы нысан Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, Ресей Федерациясының аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша салықтық кезең ішінде Ресей Федерациясына сатылған тауарлар немесе орындалған жұмыстар бойынша жазылған шот–фактуралар туралы мәліметтердің егжей–тегжейлі көрініс табуы үшін тағайындалған. 46. Есепті салықтық кезеңде Ресей Федерациясына тауарларды сату және Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, Ресей Федерациясының аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша орындалған жұмыстар бойынша айналымдар болған кезде 300.09 қосымшаны ұсыну міндетті болып табылады. 47. Бұл нысанда сату бойынша айналымды жасаған күні есепті салық кезеңіне тура келетін шот-фактуралар көрініс табады. 48. Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, Ресей Федерациясының аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша салықтық кезең ішінде Ресей Федерациясына сатылған тауарлар немесе орындалған жұмыстар бойынша шот–фактуралардың тізілімі жазылған  шот–фактуралар бойынша ұсынылады. 49. Шот-фактуралар тізілімінде Қазақстан Республикасының, қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резиденттері үшін алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында сатылған тауарлар немесе орындалған жұмыстар бойынша жазылған және 300.07 қосымшада көрініс тапқан шот-фактуралар көрсетілмейді. 50. «Өткізілген тауарлар, жұмыстар бойынша қосылған құн салығының сомасы» деген бөлімде: 1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі; 2) В бағанында Ресей Федерациясының сатып алушысының – ССН (ЕСК) – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі / тіркеу есебіне қою себептерінің коды көрсетіледі. Егер сатып алушы заңды тұлға болса, онда «/» белгісі арқылы ССН және ЕСК көрсетіледі, егер сатып алушы жеке кәсіпкер болса, онда ССН көрсетіледі; 3) С бағанында шот-фактурада көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс шот-фактураның нөмірі араб цифрларымен көрсетіледі Электрондық түрде, есепті кезең ішінде сатылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін беру кезінде шот-фактураның нөмірін көрсету үшін торкөздердің саны шектелмейді; 4) D бағанында шот-фактураның немесе Салық кодексінің 265-бабына сәйкес жазылған қосымша шот-фактураның жазылған күні көрсетіледі; 5) E бағанында Салық кодексінің 276-6 бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес айқындалатын, сату бойынша айналымның жасалған күні көрсетіледі; 6) F бағанында нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым түрі кириллица форматында бас әріптермен көрсетіледі. Егер шот-фактура кеден одағына мүше мемлекеттерге экспортталған тауарлар бойынша жазылса, «Э» көрсетіледі. Егер шот-фактура Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар бойынша жазылған болса «Р» көрсетіледі; 7) G бағанында шот-фактурада көрініс тапқан және салық кезеңі ішінде кеден одағына мүше мемлекеттерге сатылған тауарлар немесе Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар бойынша нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым мөлшерінің барлығы көрсетіледі. 12. 300. 10 – Салық кезеңі ішінде Беларусь Республикасына сатылған тауарлар және (немесе) алыс–беріс шикізатты өндіру жөніндегі орындалған жұмыстар бойынша шот-фактуралардың тізілімі – нысанының жасалуы 51. Осы нысан Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, Беларусь Республикасының аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша салықтық кезең ішінде Беларусь Республикасына сатылған тауарлар немесе орындалған жұмыстар бойынша жазылған шот–фактуралар туралы мәліметтердің егжей–тегжейлі көрініс табуы үшін тағайындалған. 52. Есепті салықтық кезеңде Беларусь Республикасына тауарларды сату және Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, Беларусь Республикасының аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша орындалған жұмыстар бойынша айналымдар болған кезде 300.10 қосымшаны ұсыну міндетті болып табылады. 53. Бұл нысанды толтыру тәртібі осы Ереженің 47, 50-тармақтарында белгіленген толтыру тәртібіне ұқсас. Бұл ретте «Сатылған тауарлар, жұмыстар бойынша қосылған құн салығының сомасы» деген бөлімнің В бағанында Беларусь Республикасынан сатып алушының – төлеушінің есептік нөмірі – ТЕН көрсетіледі.»; Қосылған құн салығы бойынша декларация жаңа Қосымшалармен (300.09, 300.10 нысандар) толықтырылсын; Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00 нысан), Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалар (300.01, 300.02, 300.03, 300.09, 300.10 нысандар) осы бұйрықтың 2–қосымшасына сәйкес жазылсын; 4) Импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі бойынша декларациямен (320.00 нысан) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес толықтырылсын; 5) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын бизнес субъектiлерi үшiн оңайлатылған декларацияны – салық есептiгiн жасау ережелерiнде (910.00 нысан): Ереженің 12-тармағының 5) тармақшасында: мемлекеттік тілдегі мәтінінде «/3» деген саннан кейін «+1)» деген санмен толықтырылсын; орыс тіліндегі мәтінінде «910.00.003 III +1) /3» деген сандар «910.00.003 III) /3 +1)» деген сандармен ауыстырылсын; Ереженің 13-тармағының 7) тармақшасында: мемлекеттік тілдегі мәтінінде «/3 ай)» деген сөздерден кейін «+1)» деген санмен толықтырылсын; орыс тіліндегі мәтінінде «25 +1) /3 ай)» деген сандар мен сөз «25) /3 ай +1)» деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын; 17-тармақтың 2) тармақшасы үшінші абзацында: «910.00.002 V» деген сандар «910.01.002 V» деген сандармен ауыстырылсын; «910.00.003V» деген сандар «910.01.003V» деген сандармен ауыстырылсын; 18-тармақтың 2) тармақшасы үшінші абзацында: «910.00.005V» деген сандар «910.01.005V» деген сандармен ауыстырылсын; «910.00.006V» деген сандар «910.01.006V» деген сандармен ауыстырылсын; Ереженің орыс тілдегі мәтінінде 19-тармақта: 2) тармақшаның екінші абзацында «910.00.008 IV» деген сандар «910.01.008 IV» деген сандармен ауыстырылсын; 3) тармақшаның үшінші абзацында: «910.00.009 V» деген сандар «910.01.009 V» деген сандармен ауыстырылсын; «910.00.009 IV» деген сандар «910.01.009 IV» деген сандармен ауыстырылсын; Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация (910.00 нысан) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жазылсын; 6) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті,  сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау және ұсыну ережесінде: 12-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 3 «СЭҚ ТН коды» деген бағанда Кеден одағының комиссиясы бекіткен Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметтер бойынша 98 коды көрсетіледі (бұдан әрі - СЭҚ ТН коды).»; 13-быбының тоқсан сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «(Өтініш)ЖКД күні» 15 бағанында және «(Өтініш)ЖКД №» 16 бағанында жүк кедендік декларациясының немесе тауарлар әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Өтініштің (бұдан әрі – (Өтініш ЖКД)) күні және нөмірі көрсетіледі. Сонымен қатар Өтініштің күнімен нөмірі кедендік одағының  мүше – мемлекеттер халықтарымен сыртқы экономиқалық қызмет жасаған кездерге көрсетіледі.»; Экспорттық валюталық бақылау (1.1-нысан), Импорттық валюталық бақылау (1.2-нысан) осы бұйрықтың 5,6 қосымшасына сәйкес жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының 5), 6) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Жәмішев.